Бұл бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндаса, екінші мәселе жұмыспен қамту іс-шара жоспарының орындалуы туралы «Мансап» орталығының директоры Ерболат Әбиев хабарлама жасады.
Аудан әкімі мәжілісте көтерілген әрбір мәселе бойынша тиянақты жұмыстар жүргізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, индикаторға жауапты салалық бөлім басшыларына 2025 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен экономикалық көрсеткіштердің жоғарғы өсім деңгейі мен жоспардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шараларды қабылдауды, тиісті есептіліктердің орындалуын статистика органына мерзімінде тапсырылуын жүктеді.
Биыл Отырар ауданында жалпы 49 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған игі істер «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Балтакөл елді мекеніндегі Тәукебай және Б.Жұмағұлов көшелерін орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын ішкі көшелерді асфальттау жұмыстары облыстық бюджет қаражаты есебінен іске асуда.
Аудан басшысы аралау барысында жоспарлы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес сапалы жүргізілуі керек екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына қадағалауды тапсырды.
Айта кету керек, аудан көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар – 325,9 шақырым, аудандық маңыздағы жолдар — 109,7 шақырым, ішкі көшелер -427,7 шақырым.
2025 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 20,63 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 26,8 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.
Тағы бір айтары, Отырар аудандық мәдениет сарайының мәжіліс залында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында аудан тұрғындарымен еркін форматта арнайы мәжіліс өтті.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ашып, ауданға арнайы келген мобильді топ құрамымен таныстырды.
Кездесу барысында Отырар ауданы прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Серік Ізтілеуов, Отырар ауданы прокуратурасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Мақсат Әбдукаримов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Түркістан облысы бойынша департаментінің офицері Қанат Төреханов, Түркістан облысы Полиция департаменті ЖПҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор, полиция подполковнигі Мұхтар Туғанбаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға-жедел уәкілі Аманбай Сабыр құқықтық мәдениетті арттыру, қаржылық сауаттылықты нығайту және қоғамдағы заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, психология, экономика және білім салаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасты.
Жиында Отырар ауданы прокурорының орынбасары, әділет кеңесшісі Серік Ізтілеуов «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында баяндама жасап, экономикалық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қорытындылап, бүгінгі кездесу билік пен халық арасындағы ашық диалогты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге бағытталған маңызды қадам болатынын атап өтті.
Мәжіліс отырысынан кейін мобильді топ мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.
Фото: Kyzylorda-news.kz