• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Бюджет кірісін арттыру үшін салықтық тәртіпті күшейту керек

Түркістан облысы Ордабасы ауданы бюджетінің көлемін ұлғайту, соның ішінде кіріс бөлігін арттыру мақсатында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы және тиісті мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

by Jasyn
09/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Бюджет кірісін арттыру үшін салықтық тәртіпті күшейту керек
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиын барысында салық заңнамасы аясында кәсіпкерлік субъектілерін қайта түгендеу, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және осы арқылы жаңа кіріс көздерін айқындау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, бюджет кірістерін тұрақты арттыру үшін салықтық тәртіпті күшейту, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ бизнес өкілдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Мәжіліс қорытындысында тиісті мекемелерге белгіленген мерзім ішінде нақты ұсыныстар әзірлеп, атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндау міндеттелді.

Сондай-ақ аудан әкімі Азат Оралбаев аудан орталығында жүргізіліп жатқан бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысын аралап, жұмыс қарқынын қадағалады.

Аудан орталығы үшін ең ауқымды жобалардың бірі – заманауи кәріз жүйесінің құрылысы. Жобаға сәйкес, бірнеше шақырымдық құбыр тартылып, арнайы сорғы станциялары орнатылады. Бұл жұмыс санитарлық талаптарды күшейтіп, ауылдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Тағы да бір маңызды саналатын жоба бассейн кешені мен теннис кортының құрылысы – алдағы уақытта тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік береді. Жобаның мердігері – «Бақ-Ерке Строй» ЖШС нысанның құрылысын 2026 жылдың қарашасында аяқтамақ.

Сонымен қатар, Ынталы ауылына баратын бұрылыстағы жол бойы абаттандырылып, тұрғындардың демалыс орнына айналады. Аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, орындықтар, ойын және спорт бұйымдары, жарық шамдары орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ауданға кіреберістегі абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Шымкент бағытынан кіреберістегі, Шәмші Қалдаяқов аллеясына қарама-қарсы аумақта да абаттандыру шаралары жүргізіліп, жасыл желек отырғызылып, көрікті аймаққа айналмақ.

Сондай-ақ, Арыс өзенінің үстіндегі кіші көпір жаңартылуда. Көпірдің қоршаулары реттеліп, төбесі жабылып, келбеті жаңарып, жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалады.

Аудан басшысы нысандарды аралау барысында жұмыс жүргізушілерге бірқатар сын-ескертуелер айтып, құрылыс қарқынын жеделдетіп, сапаны бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұл жобалар – халықтың тұрмыс сапасын арттыратын басты факторлар. Нысандар жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп, ауданның әлеуметтік даму қарқынын арттыра бермек.

Тағы ібр айтары, аудан әкімі Азат Оралбаев ауданға қарасты Бөген және Ынталы ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен Бөген ауылындағы су мұнарасы аумағына барып, инфрақұрылымның жай-күйін көрді. Ол тиісті сала қызметкерлеріне қажетті шараларды уақытылы орындау туралы тапсырмалар жүктеді.

Мұнан соң аудан басшысы Ынталы ауылындағы Қалдыбай Бектаев атындағы жалпы орта мектеп жанында бой көтеріп жатқан жабық спорт алаңының құрылыс барысымен танысты. Жаңа нысан ауыл жастарына спортпен айналысуға қолайлы жағдай туғызбақ.

Аудан әкімі мұнда жауапты сала басшылары мен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерге қолға алынған әрбір жоба ең алдымен сапалы болуы тиіс екенін ескертті.

Сондай-ақ аудан әкімі Азат Оралбаев жұмыс сапарымен Төрткүл ауылдық округіне барып, бірқатар маңызды жобалардың барысын тексерді. Алдымен Қызылжар ауылындағы мәдениет клубына аялдап, жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты бөлім басшысына мәдени орталықтың құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Келесі кезекте Қызылжар ауылындағы жаңа ауызсу жүйесі жұмыстарының қарқынына назар аударды. Ары қарай Арыстанды елдімекеніндегі газдандыру жұмыстарының барысын қадағалады.

Жұмыс жүргізушілерге тұрғындарды сапалы ауызсумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету — басым бағыттардың бірі екенін айтып, жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын міндеттеді. Әрбір жобаның орындалуы аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, «Көксарай АБК» ЖШС-нің мақта алқабына барып, мақта терім жұмыстарының қарқынымен танысты. Терімге жаңа техникалар тартылып, еңбек өнімділігі арта түскен.

Аудан әкімі шаруалардың еңбегін жоғары бағалап, ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін, ауданымыз үшін аграрлық сектордың аса маңыздылығын атап өтті.

Фото: Ордабасы Ауданы Әкімдігі

Tags: әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларбюджет кірістерін тұрақты арттырубюджетінің көлемін ұлғайтукіріс арттыруТүркістан облысы Ордабасы ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әр сала бойынша жоспардың орындалу барысын талдады

Әр сала бойынша жоспардың орындалу барысын талдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қаржылық сауатсыздық күйзеліс, сенімсіздікке әкелуі мүмкін

Қаржылық сауатсыздық күйзеліс, сенімсіздікке әкелуі мүмкін

4 месяца ago
«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

2 дня ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In