• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отбасы

Бұл жастарға отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік береді

Өткен жылы Аманат партиясы жанынан Әйелдер қанаты өз жұмысын бастаған болатын. Бұл ұйым отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша жиі жиындар өткізіп, қоғамды толғандырған жәйттерді талқыға салып отырады.

by Jasyn
11/08/2024
in • Отбасы
0
Бұл жастарға отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік береді
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сондай жиындардың бірі жақында өтіп, оған кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған сот, Адвокаттар алқасының, облыс әкімдігінің білім  басқарамасының, облыстық Әділет департаментінің, АХАТ, «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы өкілдері мен психологтар және жастар қатысты.

Ұлт болашағына ықпал ететін факторларға, оның ішіндегі отбасы  мәселесіне қатысты келеңсіздікке қоғам,  әрбір азамат салғырт қарамау керек екені баршамызға мәлім. Себебі мемлекет әрбір отбасынан құралады. Еліміздің болашағы шаңырағымыздың бүтін әрі берекелі болуына тікелей байланысты.

Ендеше отбасылық құндылықтардың маңыздылығы, оның беріктігінің негіздері қандай, шаңырақ шайқалуы­ның негізгі себептері, оның алдын алу жолдары неде?

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық мәслихаттың депутаты  Айман Әшімова Ана мен балаға қамқорлықта мемлекетімізде жыл сайын артып келе жатқанын айтады.

— Алайда, қазір қоғамымызда әйелдер мәселесі әлі де өткір тұр, — дейді бұл жөнінде Айман Серікқызы. — Бұл – гендерлік тең­сіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, білім алудың қолжетімділігі, діни радикалдану және соған байланысты проблемалар. Статистика көрсеткендей, жыл сайын Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Әсіресе жас отбасылар арасында ажырасу көп. Бұл мәселені шешу үшін, менің ойымша, некені тіркеу туралы өтініш беру кезеңінде жас жұбайлар отбасылық құндылықтар мектебі бойынша оқу курсынан өту қажет. Мектептерде отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, жанжалдарды болдырмау және шешу, отбасылық бюджетті қалыптастыру мәселелері бойынша тренингтер мен семинарлар өткізілгені дұрыс. Бұл жастарға саналы түрде некеге тұруға және отбасының құндылығын түсінуге мүмкіндік береді. Некенің бұзылуы едәуір қысқарады деп ойлаймын. Әйелдер қанаты осы бағытта жұмыстар атқармақ.

Шынында біздің қоғамда әлі де болса ажырасу, азаматтық неке мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген «Демографиялық есеп» статистикалық деректері бойынша, Қазақстан ажырасу мәселесі ушығып тұрған әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді екен. Әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасады. Жыл сайын Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады екен. Әрине, бұл алаңдауға тұрарлық жағдай.

Ажырасу үшін отбасы ең алдымен сотқа жүгінетіне бәрімізге белгілі. Ортақ баласы бар ерлі-зайыптылардың ажырасу туралы өтініштері биылғы 2023 жылдың 1 қыркүйектен бастап ювенальды соттардың қарауына жіберілетін болып шешілді. Ал бұған дейін мінездері жараспаған жұбайлар тұрғылықты жері бо­йынша аудандық немесе қалалық сотқа жүгініп келген еді.

Фото: Tengrinews

Tags: Айман ӘшімоваАманат партиясыАна мен балаға қамқорлықӘйелдер қанаты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ана мен балаға қамқорлық мемлекетімізде жыл сайын артуда

Ана мен балаға қамқорлық мемлекетімізде жыл сайын артуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

Коронавирустың тағы бір жаңа штамы анықталды

3 года ago
Қазақстан ТМД-ға төрағалықты қабылдады

Қазақстан ТМД-ға төрағалықты қабылдады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In