• RU
Суббота, 26 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

«Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес»

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ел тұрғындарына үндеу жасады.

by Jasyn
18/07/2025
in Топ
0
«Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес»
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Министр өз үндеуінде жақында медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірген.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерге перзентханада мейіргер, балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде кезекші және ординатор дәрігер болып жұмыс істеген маман ретінде үн қатқым келеді: медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатыңыздар!» деген Ақмарал Әлназарова Қарағандыда медбикеге шабуыл жасалғанын және Қостанайда да медицина қызметкеріне шабуыл жасалғанын тілге тиек етті.

«Біз тағы да Қарағанды мен Қостанайда орын алған екі сорақы жағдайға куә болып отырмыз. Қарағандыда жеке клиниканың мейіргеріне шабуыл жасалды. Қостанай облыстық ауруханасында урология бөлімінің жас хирургі қатыгездікпен соққыға жығылды. Пациент өз кезегін күткісі келмегендіктен, дәрігерді бір ұрып, есінен тандырған. Қазір дәрігер реанимацияда. Жағдайы – ауыр. Адам өмірін арашалап жүрген жанға қол көтеру үшін адам қаншалықты деңгейде қатігез және мейірімсіз болуы керек?» дейді министр Ақмарал Әлназарова.

Бейбіт уақытта дәрігерлердің өз жұмыс орнында өміріне қауіп төніп отыруы – ақылға қонбайтын, мүлде жол беруге болмайтын жағдай, – деп қадап айтты министр.

«Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес. Бұл – ондаған пациенттің қараусыз қалуы, ондаған операцияның кейінге шегерілуі. Бұл – бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне төнген тікелей соққы.Шабуыл жасалған қабылдау бөлімдері – онсыз да қауіпі жоғары аймақтар.»

Медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықтың жиілеп кетуіне байланысты Ішкі істер министрімен бірлесіп, шұғыл түрде ургенттік стационарлардың, балалар және перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы күзет посттарын күшейту туралы шешім қабылданды.

«Барлық медициналық ұйымдар бейнебақылау жүйесімен, күзетпен және дабыл батырмаларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Тағы да баршаңызды барлық деңгейде өркениетті қарым-қатынас мәдениетін сақтауға шақырамын. Біз балаларға жас кезінен медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеуді, алғыс айту мәдениетін үйретуіміз керек. Жапа шеккен әріптесіміздің өмірін сақтау үшін Денсаулық сақтау министрлігі барлық қажетті әрі батыл шараларды қабылдайтын болады» дейді министр.

Фото: Ortalyq.kz

 

Tags: дәрігерге жасалған шабуылденсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамедицина қызметкерлеріүндеу
Jasyn

Jasyn

Next Post
Алты айда ел қазынасына қаржы жоспардан кем түскен

Алты айда ел қазынасына қаржы жоспардан кем түскен

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Сұлтан Сулейман» телехикаясындағы танымал актриса қайтыс болды

«Сұлтан Сулейман» телехикаясындағы танымал актриса қайтыс болды

4 года ago
Алматыда әкімдік ғимараты өртеніп жатыр

Алматыда әкімдік ғимараты өртеніп жатыр

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In