• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында елдің цифрлық теңсіздігін жоюды, барлық азаматты сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

by Jasyn
07/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
«Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда»
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы тапсырма аясында Келес ауданындағы шалғай елді мекендерді интернет желісімен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Келес ауданының Тартоғай елді мекенінде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында заманауи OneWeb спутниктік жүйесі орнатылып, іске қосылды. Аталған жүйенің іске қосылуы нәтижесінде 15 үйде тұратын 118 тұрғын енді сапалы әрі тұрақты интернет желісін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл жоба Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Jusan Mobile» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.

OneWeb спутниктік байланысы арқылы енді Тартоғай ауылының тұрғындары онлайн білім алу, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта пайдалану, және интернет арқылы кәсіп ашу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

Тағы бір айтары, Келес ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтуға бағытталған құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округіндегі Жуантөбе, Жаңадәуір және Ынтымақ елді мекендеріндегі нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде жалпы құны 10,4 млрд теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысы қолға алынған. Жобалар Ақтөбе, Бірлік және Жүзімдік ауылдық округтерін қамтиды. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі аяқталу кезеңіне жетті.

— Халықтың тұрмыс сапасының басты көрсеткіші – таза ауыз суға қолжетімділік. Сондықтан әрбір ауылдағы құрылыс жұмыстарын қатаң бақылап, сапасына ерекше көңіл бөліп отырмыз, – деді Жәнібек Ағыбаев.

Жуантөбе ауылындағы су жүйелерінің 86 пайызы орындалып, екінші көтермелі насос станциясы мен жаңа резервуар салынуда. Жаңадәуір елді мекенінде де насос станциясы орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Ынтымақта 100 текше метрлік қосымша резервуар пайдалануға берілді.

Жалпы аудан көлемінде 278 шақырым құбыр тартылып, 2620 метр тереңдікте ұңғымалар қазылды. Құрылыс жұмыстарының орташа көрсеткіші 98 пайызға жеткен.

Келес ауданына қарасты Ұшқын елді мекенінде халық игілігі үшін бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, 200 орындық жаңа мектеп салу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық білім басқармасына ұсыныс енгізілді. Бұл ауылдың жас ұрпағы үшін қолайлы білім ордасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, елді мекенді газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінде ішкі жүйелерді тарту жұмыстары аяқталу сатысында.

Ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында тағы да бірқатар жобалар қолға алынған. Ұзындығы 4,1 шақырым көшеге тас шағал төсеу үшін құжаттар дайындалған. Қаржы көздері нақтыланған соң, жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұдан бөлек, ұзындығы 4 шақырым Ұшқын каналы 2025 жылдың көктемінде мемлекет қаржысы есебінен механикалық тазалаудан өтті.

Бұған дейін елді мекен ішіндегі электр жүйелері жаңартылып, түнгі жарық шамдары орнатылған. Сондай-ақ, халық денсаулығын қорғау мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген.

Осы атқарылып жатқан және алдағы жоспарланған жұмыстар жайы Келес ауданының дербес бөлім басшылары Нұрмаханбет Нархозиев пен Алмас Абдуллаев және Қошқарата ауылдық округінің әкімі Ерлан Нұрмаханның Ұшқын елді мекенінің халқымен кездесуінде кеңінен талқыланды. Жергілікті тұрғындар жол жөндеу мәселесін көтеріп, жауапты сала өкілдері алдымен газдандыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жол құрылысы басталатынын түсіндірді.

Келес ауданына қарасты Шұқырсай елді мекенінде тұрғындар газ құбыры жұмыстарының баяу жүруіне қатысты өз уәждерін білдірген болатын. Осыған байланысты аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасымен арнайы шаралар қабылданды. Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың пікірін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алды. Ал аудан әкімі мердігер компания өкілін жеке қабылдап, жұмыстың қарқынын арттыруды тапсырды.

– Бұл мәселе – менің қатаң бақылауымда. Шұқырсай арқылы өтіп жатқан магистралды газ құбырының құрылысын тез арада аяқтап, халыққа қолайсыздық тудырмай, уақтылы іске қосуды тапсырамын, – деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.

Қазіргі таңда ауылішілік инженерлік желілерді қиып өтуге қажетті рұқсаттар рәсімделуде. Жоба өндірістік кестеге сәйкес биылғы жылдың төртінші тоқсанында толық аяқталуы жоспарланған. Дегенмен, мердігер компания жұмысты жеделдетіп, 15 күн ішінде бітіруді міндетіне алды.

Фото: Келес Ауданы Әкімдігі

Tags: азаматты сапалы интернетпен қамтамасыз етуАуыл инфрақұрылымын дамытуТүркістан облысы Келес ауданыцифрлық теңсіздігін жою
Jasyn

Jasyn

Next Post
Келесте әлеуметтік нысандар жаңаруда

Келесте әлеуметтік нысандар жаңаруда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында аса ірі партияда трамадол тәркіленді

Жамбыл облысында аса ірі партияда трамадол тәркіленді

2 года ago
«Бауырым үшін жүрегім ауырады»: «Дикий Арман» туралы жазған Артаев қызметінен босатылды

«Бауырым үшін жүрегім ауырады»: «Дикий Арман» туралы жазған Артаев қызметінен босатылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In