• RU
Среда, 22 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Бұл бюджет кірістерін қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтады

Түркістан облысы экономикасының дамуына тың серпін беретін, 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 2,5 трлн.теңгені құрайтын 111 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.

by Jasyn
12/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Бұл бюджет кірістерін қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтады
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Аталған жобаларды іске асыру 23 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті бюджет кірістерін қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Салалар кесіндісінде негізгі үлес өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және туризмге тиесілі. Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде бизнес-форум өтіп, 6 елден 100-ден аса инвесторлар қатысты. Инвесторларға облыстың әлеуеті хабарланып, мемлекеттік қолдау шаралары баяндалды. Маңызды жобаларды бірге іске асыру үшін келіссөздер жүргізілді.

Жалпы, отандық және шетелдік инвесторларды тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Созақ ауданында жоба құны 140 млрд. теңге құрайтын Фосфорит рудаларын өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Бұл 1 000 тұрақты жұмыс орны деген сөз. Бұл жоба, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен және қызметтермен толтыра отырып, экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын өндірісті дамытуға септігін тигізеді.

Аталған жобаға мемлекет тарапынан кен орындарға жақын 300 га жер телімі бөлінді, болашақта барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіледі. Жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекет тарапынан кеткен қаржы мультипликативті әсер ретінде аудан экономикасына қайта инвестицияланып пайда түрінде алынған әсер арқылы қол жеткізіледі.

Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында 136 млрд.теңгеге каустикалық сода, ПВХ, цемент, карбид және әк шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде.

Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалдық аймақ ашылған. Ағымдағы жылы аумағы 830,6 гектарды құрайтын жаңа 6 аймақ құрылды. Аймақтарда құны 146,2 млрд. теңгені құрайтын жалпы 96 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 6 017 жұмыс орны деген сөз. Оның ішінде, ағымдағы жылы 1 175 жұмыс орнымен 14 жобаны іске қосылады (48 млрд. теңге). Ағымдағы жылы жалпы құны 16,5 млрд.теңге құрайтын 4 жоба іске қосылды (824 жұмыс орны). Қосымша 3 жобаны іске қосу жоспарлануда (жалпы құны 5,7 млрд. теңге, 30 жұмыс орны).

Қосымша Төлеби ауданында 1 индустриалдық аймақты ашу және Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданындағы 2 аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

— Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптастыру, қаланың жедел дамуын және инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Жалпы құны 1 077, 4 млрд.теңге (12 853 жұмыс орнын) құрайтын 186 жобадан тұрады, оның ішінде жалпы сомасы 1 044,5 млрд. теңгеге 141 жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 255,9 млрд. теңгеге 40 жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, жоба құны 230,1 млрд. теңгеге әлеуетті 20 инвестициялық жоба пысықталуда, — дейді бұл жөнінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Тағы бір айтары, өңірде туризм саласы қарқынды дамып келеді. негізгі бағыт айқындалған: тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Жыл басынан 600 мыңнан астам турист келіп, туристік қызметтен түскен табыс 3 млрд. теңгені құрады. Туристерге қосымша өнімдер және жаңа туристік бағдарламаларды ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынды. Ағымдағы жылы 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Жыл басынан 33 млрд. теңгеге заманауи 3 қонақ үй іске қосылды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында Есу каналы, Қолөнершілер орталығының құрылысы аяқталды. Демеушілер есебінен Түркістан қаласында жалпы алаңы 3 000 шаршы метр, сыйымдылығы 500 орынды «Қылует» мәдени-рухани орталығы салынды. Арнайы көрме орталығында 28 тарихи жәдігерлер мен 43 мәдени-рухани әдебиеттер орналыстырылған. Нысан аумағында Яссауи ілімін зерттейтін, діни терең білім беретін 90 орынды жатақханасымен Ислам институтының құрылысы аяқталды.

Фото: BAQ.KZ

Tags: бюджет кірісіқолайлы инвестицияТуризм саласыТүркістан облысы экономикасының дамуы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Қалған мәселе қаржыға байланысты кезең-кезеңімен шешіледі»

«Қалған мәселе қаржыға байланысты кезең-кезеңімен шешіледі»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тек қолма-қол төлем: сатушылардың мұндай талаптары заңды ма?

Тек қолма-қол төлем: сатушылардың мұндай талаптары заңды ма?

2 года ago
Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалында ұтылды

Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының финалында ұтылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In