• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Бүгінгі жастар білімді әрі еңбекқор болуы керек

Елімізде мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

by Jasyn
25/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Конкурсқа қатысып, грант иегері атанған жастар көп
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында да жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Өйткені, жастар қоғамның ең белсенді мүшесі, қоғамның қозғаушы күші ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Бүгінгі жастар білімді, саналы, патриоттық рухы мол, еңбекқор болуы керек. Өйткені олар – еркін елдің ертеңі. Жалпы, елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатының да негізгі мақсаты осы.

Түркістанда Қаржылық мониторинг агенттігінің үйлестіруімен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп. Экономикалық қауіпсіздік: «Қаржылық сауаттылықты арттыру және тәуелділікпен күрес» республикалық форумы өтті.

Форумның мақсаты – жастар арасында құқықтық ақпараттық цифрлық мәдениетін қалыптастыру, ойынқұмарлықпен қаржылық пирамидалардың алдын-алу және кибергигиенаны сақтау әдетін қалыптастыру, халық арасында қаржылық мониторинг органдарының оң имиджін қалыптастыру, «AML ACADEMY» қаржылық мониторинг академиясының әлеуетін көтеру, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.

Форумға Түркістан қаласының әкімі, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар, «Жастар ресурстық орталықтары», Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтерлары, ҚР Мәдениет қайраткерлері, танымал кино және театр жұлдыздары, медиа тұлғалар, оқытушы-профессорлар, дін өкілдері қатысты.

Аталған форум аясында флэшмоб, панельдік сессиялар интеллектуалды ойын және Гала-концерт өткізіледі. Флэшмоб Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталығы, О.Жарылқапов атындағы орталық стадион, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті және Халықаралық туризм және меймандостық университеттерінде ұйымдастырылды.

Форумда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев сөз сөйлеп, жастарды жат әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Түркістан облысы аумағында орналасқан 1000 мектеп және 50 колледждің 500 мыңнан астам шәкірті бір мезетте өздерінің лудомания және синтетикалық есірткіге қарсы екендерін жеткізіп, челленджді еліміздің өзге өңірлеріне жолдады.

Форум соңында Түркістан облысының экономикалық қауіпсіздігін сақтауда елеулі еңбек еткен азаматтарға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталады.

Түркістан қаласында халықаралық ХХVI «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мұндай халықаралық байқаулардың маңызы жоғары екеніне тоқталып, желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына жолдама алған Гран-при иегеріне табыс тіледі.

Түркістан облыстық әкімдігі мен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнеріне Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбек­станның халық әртісі, Науаи атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Бейсенқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев, сонымен қатар гала-концерт қонағы «Романсиада–2018» орыс романсиадасы жас орындаушылар байқауының лауреаты, опера әншісі Николай Землянских төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен Гран-при астаналық Нұрсұлтан Ануарбекке бұйырды. Сондай-ақ, «Қазақ романсы» және «орыс романсы» бағытында жеңімпаз атанғандар, түрлі номинация иелері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” науқаны аясында “Ұлылар тарихы” атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын-алу, оның себептері мен зардаптарын түсіндіру, жастардың осы мәселе жөніндегі білімін арттыру. Сонымен қатар, жастардың белсенділігін арттыру, оларды әлеуметтік мәселелерге қатысты жауапкершілікке баулу, тарихта қалған және әлемді өзгерткен өз саласындағы тұңғыш әйелдерді өскелең ұрпаққа үлгі ету.

Шара барысында Қазақстан тарихындағы тұңғыш әйел-елші Ақмарал Хайдарқызы, қазақ қыздарынан шыққан алғашқы медицина мамандарының бірі Гүлсім Асфендиярова, Ұлыбритания және Еуропа тарихындағы тұңғыш әйел премьер-министр Маргарет Тэтчердің атқарған еңбектері мен жеткен жетістіктері туралы білгендерімен бөлісіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тексерді. Зорлық-зомбылықтың салдары және оны жоюдағы әрбір азаматтың рөлі туралы айтып өтті. Сондай-ақ, заманауи қоғамда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғаудың маңыздылығы жайлы өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және зорлық-зомбылық мәселелеріне қатысты пікір алмасты.

Ал, Созақ аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында “Үздік даяшы” атты аудандық сайыс өтті. Сайысқа ауданға қарасты ауыл округтері мен кенттерден жастар келіп қатысты.

Іс-шараның мақсаты: жастардың уақытын тиімді пайдалану, әр саланың үздігін анықтау, аудан жастары арасында достық-ынтымақтастықты нығайту.

Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайыс нәтижесі төмендегідей:

”Үздік даяшы-2024” — Талғатқызы Жанерке Шолаққорған ауылы

Бірінші орын — Бауыржанұлы Ерасылға (Шолаққорған ауылы);

Екінші орын — Төлбай Арайға (Шолаққорған ауылы);

Үшінші орын — Тастыбай Ажарға (Тасты ауылы) бұйырды.

Жеңімпаздар аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы дипломымен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар, қатысушы жастар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, мұндай іс-шара аудан көлемінде бірінші рет өтіп отыр.

“Жастар және жауапкершілік”

Тағы бір айтары, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 17 аудан, қалада «Жастар және жауапкершілік» атты профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Шараның негізгі мақсаты — жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдерге қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау, сондай-ақ оларды құқықтық тұрғыда тәрбиелеу мен қылмысқа қарсы іс-қимылдарды күшейту болып табылады.

Аудан және қалаларда өткен бұл іс-шаралар жастардың сабақ уақытында немесе түнгі уақытта көшеде бей-берекет жүру, ойын-сауық орындарында болу сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау мен болдырмауға бағытталды.

Жыл басынан бері аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтары, білім бөлімдері мен құқық қорғау органдары бірігіп, 621 рейдтік іс-шара өткізді. Бұл рейдтер барысында 5 966 жасөспірімнің ата-анасына ескерту хаттамалары беріліп, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 442 бабына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылданды.

Бұл жұмыстар жастар арасында тәртіпті сақтап, қоғамға зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Tags: “Жастар және жауапкершілік”жастар мәселесіжастар саясатыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бұл жеңіс – тынымсыз еңбегімнің жемісі»

«Бұл жеңіс – тынымсыз еңбегімнің жемісі»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?»

«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?»

8 месяцев ago
Қазақстанның барлық аймағында теледидар мен радио өшіріледі

Қазақстанның барлық аймағында теледидар мен радио өшіріледі

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In