• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау

Бүгінгі БАҚ бәсекеге бейім болуы керек

Журналистика саласы еліміздің азаматтық қоғамының құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, толағай табыстар мен зор жетістіктердің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында журналистер қауымының тынымсыз еңбек етуінің нәтижесінде халық өзіне қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіліп отыр.

by Jasyn
01/12/2024
in • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау
0
Бүгінгі БАҚ бәсекеге бейім болуы керек
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы алғанда ақпаратты тарату және оны әр оқырманға жеткізу бұқаралық ақпарат құралдарының басты міндеті. БАҚ қоғамның барлық салаларымен байланысты болғандықтан адам өміріне тікелей әсер етеді. Масс медиа құралдарының көмегімен адам жаңа ақпаратты біліп қана қоймайды, сонымен қатар өз пікірін қалыптастырады және әлеуметтенудегі адамның көмекші құралы болып табылады.

Жақында Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов өңір руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін қаламы қарымды журналистер – Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Мәлік Әлмахан мен «Хабар» телеарнасының Түркістан облысының меншікті тілшісі Жандос Жұмабековты қабылдады. Алдағы уақыттарда бірігіп атқарар жұмыстардың жоспарлары мен мен ұсыныс-пікірлері талқыланды. Кәсіби журналистиканы дамыту, имиджін көтеру мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстар сөз етілді. Өйткені, бірінші кезекте билік пен бұқараның арасындағы байланысты, ашықтықты бекемдеу аса маңызды.

Жүздесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлердің ескерусіз қалмайтынын, БАҚ өкілдерімен жұмысты ары қарай да тығыз байланыста жалғастыратыратынын айтқан аудан басшысы ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген қаламгерлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының көшпелі отырысы Келес ауданында жалғасын тапты. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Түркістан өңірінің белгілі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, жергілікті БАҚ-пен тығыз байланыста екенін атап өтті.

Аудан әкімінің қабылдауында Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Мәлік Жұмаханұлы, “DIDARBEK” ақпараттық порталының басшысы, журналист, қоғам белсендісі Әсет Әссанди, жас ақын, “Түркістан” газетінің тілшісі Дәурен Тілеухан, журналист Мақсұт Айтжанов қатысты.

Түркістан облысының аудандарында ақпарат құралдары өкілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылатын көшпелі жиында Түркістан облыстық филиалы тарапынан жүзеге асатын бірнеше жобаларды таныстырды. Атап айтқанда медиасауаттылықты арттыру барысындағы БАҚ өкілдерінің рөлі, ақпарат саласында қызмет етіп жүрген журналистердің біліктілігін арттыруға байланысты ұсынымдар, ақпаратты тартуда дәстүрлі БАҚ пен медиа кеңістіктегі заманауи тәсілдерді ұштастыру, бәсекелестікке бейімделу барысы туралы мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде аудан басшысы Жәнібек Есенұлы ақпарат саласы — қоғамдық пікір қалыптастыратын, қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін маңызды сала екендігіне тоқталып, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының жұмысына табыс тіледі және қолға алған бастамаларымызға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Журналистика саласы еліміздің азаматтық қоғамының құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, толағай табыстар мен зор жетістіктердің жаршысы болып келеді. Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында журналистер қауымының тынымсыз еңбек етуінің нәтижесінде халық өзіне қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Ал, Түркістан қаласына қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «QAZAQSTAN DAUIRI» ЖШС-нің Бас директоры, «Ел-Ана» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы жұмыс сапарымен келді.

Елдің анасы атанған ақжаулықты ана Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болып, өңірде атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді.

Сәуле Мешітбайқызы Түркістандағы естеліктерімен бөлісіп, өз тарапынан әрдайым ақпараттық және рухани қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Кездесуге қатысқан облыстағы үйлестірушісі, Түркістан қаласының құрметті азаматы Дана Садыққызымен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарын талқылап, жиын соңында ақ батасын берді.

Сәуле Мешітбайқызы қарапайым мұғалімнен бастап оқу орнының директорына дейін әртүрлі мекемелерде жауапты жұмыс істеп келді. Ақпарат пен журналистикаға кеш келсе де, егде жасында ақпарат саласында басшылық етіп, үлкен мекеменің директоры болып газет пен журналдың тізгінін ұстап, тоқтаусыз шығарып келеді. Осылайша ұрпақ тәрбиесімен айналысып, қызмет атқарып келеді.

Жалпы алғанда еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық орынға ие болды. Дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. Қазіргі дәуір қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында жүріп жатыр. Сондықтан, БАҚ-тың жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуі ең өзекті мәселе.

БАҚ қоғамдық маңызы бар рөлді ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыру құралы ретінде де атқарады. БАҚ-тың негізгі қызметіне ақпараттандыру, жарнама, ойын-сауық, хабардар ету кіреді. БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі қоғамға үлкен әсер етеді және адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерге бағдарламалауда. Сондай-ақ, БАҚ-тың белгілі бір саяси оқиғаға деген көзқарасы да маңызды тармақ болып табылады.

БАҚ-тың ықпалы мен қоғамдағы жағдай саяси саланың негізгі құралы мен бір бөлігіне айналуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің өрісі кеңеюде және жаңа деңгейге өтуде.

Фото: Ult.kz

Tags: БАҚБАҚ пен медиаСәуле МешітбайқызыТөртінші билік
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Оңтүстік Қазақстан» — өңірлердегі ең оқырманы көп басылым

«Оңтүстік Қазақстан» -- өңірлердегі ең оқырманы көп басылым

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкентте 1 көшені таза ұстауға 25,5 млн. теңгеге бөлінген

Шымкентте 1 көшені таза ұстауға 25,5 млн. теңгеге бөлінген

11 месяцев ago
Қырғыздың Бас консулы мен Жамбылдың бас полицейі не үшін кездесті?

Қырғыздың Бас консулы мен Жамбылдың бас полицейі не үшін кездесті?

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In