• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

БҰҰ: Адамдар жұмыс күнінің шамадан тыс ұзақтығынан зардап шегеді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
БҰҰ: Адамдар жұмыс күнінің шамадан тыс ұзақтығынан зардап шегеді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұзақ жұмыс күні инсульт пен жүрек ауруына шалдықтырады және жылына жүздеген мың адамның өліміне әкеп соқтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ-ның екі жетекші мекемесінің жаңа бірлескен зерттеуі көрсеткендей, көп жұмыс істеу кәсіби аурулардың қауіп факторына айналған. Environment International журналында жарияланған зерттеуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) жүргізді.

Бұл –жұмыс күнінің шамадан тыс ұзақтығынан болатын өлім мен ауруды жаһандық талдаудың алғашқы әрекеті. Мәселен, 2016 жылы инсульт пен жүректің ишемиялық ауруынан 745 000 адам қайтыс болды. Олардың барлығы аптасына кемінде 55 сағаттан жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш 2000 жылмен салыстырғанда 29 пайызға көп. Артық жұмыс істейтін адамдардың саны күн санап өсіп келеді және қазіргі уақытта әлем халқының 9 пайызын құрайды.

Сонымен бірге, зерттеушілер аптасына 55 сағат немесе одан да көп жұмыс жасайтындарда 35-40 сағат жұмыс істейтіндерге қарағанда инсульт қаупі шамамен 35 пайызға, ал жүректің ишемиялық ауруы қаупі 17 пайызға артатынын анықтады. Жаңа талдау COVID-19 пандемиясы кезінде жұмыс уақытын ұйымдастыру мәселесі көтерілгендіктен жүргізілуде. «COVID-19 пандемиясы көптеген адамдардың жұмысын айтарлықтай өзгертті, – деді ДДҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейюс.

– Қашықтан жұмыс жасау көптеген салада қалыпты жағдайға айналды. Көптеген кәсіпорындар ақшаны үнемдеу мақсатында жұмысты тоқтата тұруға немесе толығымен жабуға мәжбүр болды, ал жалақы алатын адамдар ұзақ жұмыс істеуге мәжбүр».

Сарапшылардың айтуынша, ер адамдар әйелдерге қарағанда жұмыс жүктемесі салдарынан жиірек өледі: олар жұмыспен байланысты өлімнің 72 пайызын құрайды. Шамадан тыс жұмыс жүктемесі, әдетте егде жастағыларға әсер етеді. Мысалы, өлімнің көпшілігі 60-79 жас аралығындағы адамдар арасында тіркелген, олар 45 пен 74 жас аралығында аптасына 55 сағаттан артық жұмыс істеген.

Сондай-ақ жұмыс салдарынан денсаулығы сыр беретіндердің ең көп бөлігі Батыс Тынық мұхиты мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағының тұрғындары екені белгілі болды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асып келеді

«Таразға тарту» жобасы сәтті жүзеге асып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?»: Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?»: Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

4 года ago
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны азайды

В Жамбылской области снизилось число преступлений с участием несовершеннолетних

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In