• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

«Бұл өте нашар нәтиже!»: Сапарбаев әкімдерді сынға алды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
«Бұл өте нашар нәтиже!»: Сапарбаев әкімдерді сынға алды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды деп хабарлайды Baq.kz.

Жалпы өңірде коронавирусты жұқтырудың 20 223 жағдайы тіркелген, ал соңғы аптада жұқтырғандар саны 2,1 пайызға артқан. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 485 980 тұрғын коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдаған. Бұл осы орайдағы жоспардың 84 пайызы. Егу науқанына қатысты жұмыстар Тараз, Шу, Мойынқұм аудандарында әлсіз жүруде. Вакцинация қарқыны төмен қалалық емханалар қатарында «Болашақ» ЖШС және «Даримет» ЖШС бар.

«Соңғы тәулікте коронавирустың 44 жағдайы тіркелді. Инфекциялық төсектердің толуы 34 пайызды, реанимациялық төсектердің толуы 25 пайызды құрап отыр. Біздің облыс әзірге «жасыл» аймақта, алайда елдегі және облыстағы жағдай қайта шиеленісе түсуде, сондықтан босаңсуға болмайды.

Вакцина – бұл өзіңізді вирустан қорғаудың жалғыз тәсілі. Вакцинациялаудың белгіленген мерзімі аяқталуға жақын. Жоспардағы жамбылдықтардың 84 пайызы ғана екпе алған. Айталық,  кеше Меркі ауданында барлығы 30, Жуалы ауданында 42, ал Мойынқұм ауданында бір күнде бірде-бір тұрғын екпе алмаған.  Бұл өте нашар нәтиже», – деді Бердібек Сапарбаев әкімдердің жұмысын сынға алып.

Өңір басшысы барлық мемлекеттік органдардың нақты және үйлесімді жұмысын талап етіп,  вакцинациялау жұмыстарын күшейту үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, білім басқармасына мектептерде маска, кварц режимдері және желдету, дезинфекциялау секілді санитарлық талаптардың сақталуын бақылауда ұстауды жүктеді. Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов баяндама жасады.

Облыс жерүсті су ресурстарының шамамен 80 пайызын трансшекаралық Шу мен Талас өзендерінен алады. Жылдан жылға, қолданыстағы бұл екі өзендегі су бөлу ережесі бұзылып келеді. Орташа есеппен бізге Шу өзенінен 150 миллион текше метр су (40 пайыз) және Талас өзенінен 100 миллион текше метр су (17 пайыз) біздің жерімізге кем түсуде.

Суармалы су тапшылығы мәселесін шешу үшін су шаруашылығы нысандарын тазарту, бетондау және жаңғырту бойынша кешенді және ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 3 су қоймасын салу жоспарлануда. Қордай ауданында Ырғайты, Қалғұты, Байзақ ауданында Ақмола су қоймаларының құрылысы жүзеге асады. Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Қазыбек Бедебаев жаңа су қоймалары 34,5 мың гектар суармалы алқапты сумен қамтамасыз етеді деп сендірді.  Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің есебінен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Меркі аудандарындағы су шаруашылығы нысандары қайта жаңғыртылуда.

«Су ресурстарын тиімді және ұқыпты пайдалану – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Дәл қазір өзіміздің қорымызды игеретін кез келді. Сонымен қатар су үнемдейтін технологияларды енгізу қарқынын арттыру қажет. Жеке меншіктегі  су каналдарына қатысты мәселелерді шешу керек», – деді аймақ басшысы.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары

Еліміздің 4 өңірі «жасыл» аймақта

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматыда тағы да жер сілкінді

Алматыда тағы да жер сілкінді

1 год ago
Т.Рысқұлов ауданындағы жалғыз су электр стансасы толық қуатында жұмыс істеуде

Т.Рысқұлов ауданындағы жалғыз су электр стансасы толық қуатында жұмыс істеуде

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In