• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Бүгін емханаға тіркелу науқаны басталды

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Бүгін емханаға тіркелу науқаны басталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақтағы мемлекеттік қана емес, жекеменшік клиникаларға да тіркеле алады. Биыл науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2022 жылдан бастап пайдаланады. Бірақ емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да сол клиниканың қызметін пайдалана берсе болады.

Емхана екі жағдайда өзін таңдаған азаматты тіркемеуі мүмкін. Біріншісі – азамат емхана көмек көрсете алатын аумақтан айтарлықтай алыс жерде тұрса, екіншісі – мекемеге тіркелушілер саны шектен асса. Қолданыстағы нормативке сәйкес, учаскедегі жалпы тәжірибе дәрігеріне тіркелетін адам саны 1 700-ден аспауы тиіс. Сондықтан емхананы таңдаған кезде  мыналарды ескеру керек:

Бірінші кезекте таңдаған емханаңыз міндетті түрде медициналық қордың негізгі базасына тіркелген болуы тиіс. Себебі, осы базаға тіркелген ұйымдар ғана болашақта екі пакет бойынша азаматтарға жоспарлы, керек жағдайда төтенше көмек көрсете алады. Екіншіден, азаматтар өзі таңдаған мекеменің тұратын жеріне қаншалықты жақын екенін ескеруі керек. Бұл дәрігерлердің тұрғылықты мекенжай бойынша бара алуы үшін маңызды. Әсіресе, коронавирус пандемиясы кезінде.

Биыл денсаулық сақтау министрінің 28-шілдедегі бұйрығы негізінде емханаға тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілген еді. Жаңа бұйрыққа сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттары емханаға тіркелу үшін ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алуы тиіс.

Олар тіркелу үшін емхананың тіркеу бөліміне барып өтініш жазады. Мекеменің медициналық сақтандыру қорына тіркелген-тіркелмегенін www.fms.kz ресми сайтына кіріп, қарауға болады.

Tags: емханаға тіркелу
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Жасыл» аймақта жалғыз Түркістан облысы ғана

«Жасыл» аймақта жалғыз Түркістан облысы ғана

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістан облысында жанармай тапшылығы туындады

Түркістан облысында жанармай тапшылығы туындады

3 года ago
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 730 оқушы қатысады

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 730 оқушы қатысады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In