Олар бедерлі-нүктелі шрифттағы әдебиеттер, жайпақ баспалы шрифтағы әдебиеттер, дыбыстандырылған әдебиеттер және бедерлі графикалық құралдар. Зағиптарға, басқада топ мүгедектері мен қосымша қала тұрғындарына да қызмет көрсетіледі.
Кітапхана мәдени мекеме ретінде инклюзивтік бағытта жұмыс жасайды. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Кузенованың айтуынша Жамбыл облысы бойынша 1 облыстық арнайы кітапхана және аудандық орталықтандырылған кітапханаларда 9 аудандық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімдер ашылған.
Жамбыл облыстық арнайы кітапханасында 4 бөлім, 1 сектор жұмыс істейді. Кітапхананың штатында 24 адам бар, сала бойынша 19 кітапхана қызметкерлері оқырмандарға мәдени кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетеді. Оның ішінде жоғарғы білімді 16, арнаулы орта білімді — 3, мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер қызметкер саны — 4.
Өңірлік коммуникациялар орталығында брифинг берген Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Толқын Кузенова 2025 жылдың жарты жылдық есебі туралы айтып, негізгі сандық көрсеткіштер де тоқталды.
Оқырман саны – 1490, оның ішінде зағиптар саны – 451. Кітап қоры – 40070, мемлекеттік тілде — 19214 дана кітап. Нүктелі-бедерлі әдебиеттер саны — 5557 дана, жайпақ баспалы әдебиеттер саны — 27351 дана, дыбыстандырылған — 6905 дана, бедерлі-графикалық құралдар 75 дана.
Кітапхана қорын толықтыру бойынша 2025 жылы I жартыжылдығында — 77 дана кітап, оның 53 дана мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен толықтырылды. Оның ішінде бедерлі нүктелі шрифтегі — 19 дана кітап, 19 дана мемлекеттік тілде, жайпақ баспалы шрифте — 58 дана, оның ішінде 34 дана кітап мемлекеттік тілде алынды.
Қазақстанның және өңіріміздің мерей той иелеріне арналып Брайль қаріпінде 19 атаумен 57 дана кітап шығарылды.
Жыл басынан 3200-ге жуық оқырманның қатысуымен мемлекеттік мерекелерге, айтулы күндерге, жазушылардың, ақындар мен қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған 94 іс-шара өткізілді, оның 76 офлайн, 18 онлайн. Жыл басынан бері өткізілген ірі іс-шараларда өнер қайраткерлері, жазушылар және ақындармен кездесулер, әдеби шығармашылық кештер өткізіліп келеді.
Атап айтар болсақ, ақын – жазушылардың еңбектерін насихаттау барысында, ақынға 100 сұрақ форматымен Шырын Мамасерікова «Өлеңімнің әр жолы — өмірбаян» және Есет Досалының «Өлең деп өмір сүремін» кездесу кештері, 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне «Жас қауырсын қалам иелері» тақырыбында поэтикалық батл, Сәбит Досановтың 85 жылдығына «Көркем сөздің көрнекті шебері» тұлғатану, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинға «Қазақ рухының кесек тұлғасы» әдеби набат, ақын Қайырбек Асановтың 80 жылдығына «Сұлу сөздің зергері» әдеби круиз, 2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күніне «Балалар жүрегіне жол тартқан» балалар ертегілерінің авторы Сологуб Наталья Евгеньевна және иллюстратор Щибунок Оксана Александровнамен кездесу кештері өтті.
Сондай-ақ, қоғамдық-саяси әдебиеттерді насихаттау барысында «Кітапқа өмір сыйлап, өзгеге бер» 14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау акциясы аясында Болашақ мектеп-интернатының кітапханасына тифлология бөлімінде Брайль қарпінде шыққан 20 дана кітап сыйға берілді, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне «Тоғызқұмалақ» ойыны спорттық жарыс, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне «Кілем тоқу» шеберлік сағаттары өткізілді.
Фото: Егемен Қазақстан