• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

«Болмағанды болды деуге жол берілмейді»

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте кейбір аудан әкімдері қаралған мәселе бойынша есеп берді.

by Jasyn
19/06/2024
in Ауыл шаруашылығы
0
«Болмағанды болды деуге жол берілмейді»
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, өңірдегі көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Дегенмен, Т.Рысқұлов, Шу, Меркі, Сарысу аудандарында ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспары белгіленген межеде аяқталмаған.

Аудан әкімдіктерінің соңғы ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, облыстағы 611,1 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Атап айтқанда, 188,9 мың га жаздық масақты дақылдар, 19,3 мың га көкөніс, 29,3 мың га көпжылдық шөп, 35,2 мың га майлы дақылдар, 10,8 мың га алқапқа қант қызылшасы, 4,6 мың га бақша дақылдары, 3,2 мың га картоп және 11,7 мың га алқапқа дәндік жүгері егілді.

Биыл 44 мың тонна тұқым дайындалып, толық себілді.

Көктемгі дала жұмыстарына 7 506 ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. 9,2 мың тонна дизель отыны шаруаларға таратылды.

Бүгінгі күні 169,1 мың гектар алқапқа 42,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар (жоспар 53,3 мың тонна) енгізілді.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған «Кең дала» бағдарламасы аясында 95 шаруаға несие қаражаты берілді.

Ағымдағы жылы өздігінен жүретін 491 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Бүгінгі таңда оның 254-і алынып, жаңару көрсеткіші 2,8 пайызды құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5,5 пайызға жеткізу жоспарланған.

Өткен жылы су үнемдеу технологияларының алаңы 40 мың гектарды құраған. Биыл 7 мың га су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы бұл көрсеткішті 47 мың га жеткізу жоспарлануда. Бүгінге дейін 6,3 мың га алқапқа жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесі енгізілді.

Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру, минералды тыңайтқыштарды енгізу және дизель отынымен қамту, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша төмен көрсеткіштер қалыптасқан аудан әкімдерінің есебін тыңдады.

— Статистикалық мәліметтер нақты әрі тұрақты бақылауда болуы керек. Болмағанды болды деуге жол берілмейді. Біз тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу қажетпіз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласына жіті көңіл бөлгеніміз жөн. Жеміс-жидек пен көкеністен мол өнім аламыз. Бірақ, оны өңдейтін өндіріс жоқтың қасы. Бұл кемшіліктің орнын толтыру мақсатында инвестициялық жобалар қолға алынады.

Шаруаларды тиімді қаржыландыру, ескірген техниканы жаңарту бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Өңірде техника тапшылығы болмау керек, – деген Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының алдына нақты міндеттер қойды.

 

Tags: Ауыл шаруашылығыЕрбол Қарашөкеевсу үнемдеу технологиясы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Такси жүргізушісі батыр Сағынай Шәріпов

Такси жүргізушісі батыр Сағынай Шәріпов

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Қазақтарды тізе бүктіреміз»: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында сес көрсетті

«Қазақтарды тізе бүктіреміз»: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы жекпе-жек алдында сес көрсетті

4 года ago
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүріп жатыр

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In