• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Кімнің ақпараты ақиқат?

Болат Момышев берешегін қайтарды ма, жоқ па?

Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ының» жұмысына аудит жүргізді.

by Jasyn
07/08/2024
in • Кімнің ақпараты ақиқат?, Топ
0
Болат Момышев берешегін қайтарды ма, жоқ па?
0
SHARES
160
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудиторлық қорытындыда «Тараз» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің 12.05.2017 жылғы N5 отырысының хаттамасына сәйкес «Тараз» ӘКК» АҚ-ның үлесін сату арқылы «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нің қатысушылар құрамынан шығу туралы шешім қабылданғаны айтылған.

Яғни 2017 жылдың 14-шілдесінде «Тараз» ӘКК» АҚ өзінің «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесін Болат Амангелдіұлы Момышевқа сатқан. Оның бағасы 395 307 332 теңгені құраған.

Сатып алушы Б. Момышев бұл соманы төлеу үшін Тараз қаласы, Сыпатай батыр көшесі, N8 Б мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 2896,2 шаршы метрді құрайтын 0,3632 гектар жер учаскесінде орналасқан дәмхана, мейрамхана, бильярд залын 321 235 000 теңгеге бағалап ұсынған.

Алайда Б. Момышев шарттық міндеттемелерін толық орындамай, яғни, қалған 66 754 114,95 теңге берешекті уақтылы қайтармағандықтан «Тараз» ӘКК» АҚ Тараз қалалық сотына жүгініп, 66 754 114,95 теңге берешекті қайтаруға және 6 675 411,49 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға арыз берген. Сөйтіп жеке сот орындаушысының қаулысымен осынау сомаларды өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғалған.

Бірақ 2020 жылы 22-желтоқсанда сот бұл дауды медиация тәртібімен реттеу және істі тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Бірақ қарыз да, тұрақсыздық айыбы да қайтарылсын деген шешім қабылдайды.

Алайда Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденов аудит жүргізілген кезеңде берешек қайтарылмағанын алға тартады.

Ал «Тараз» ӘКК» АҚ-ның басқарушы директоры Еркін Жылысбек «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС өзінің қарызын баяғыда-ақ қайтарып қойғанын айтады.

— «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС қарызын өтеу мақсатында «Шұғыла» деген ғимаратын біздің балансымызға берген. Сол ғимаратпен есеп айырыстық. Онымен бүгінгі күнге ешқандай келісім-шарт жоқ. «Шұғыла» біздің баланста тұр. Қарыздың орнына осы ғимаратты берді, — дейді Еркін Жылысбек.

Осылайша Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысында баяндама жасаған Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденов «біз аудит жүргізген кезеңде қарыз қайтарылған жоқ еді» десе, «Тараз» ӘКК» АҚ-ның басқарушы директоры Еркін Жылысбек «Ол қарыз баяғыда қайтарылған» деген уәж айтып, ақырында кімнің ақпараты ақиқат екені сол күйі белгісіз боп қалды.

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

 

 

 

Tags: АудитберешекБолат Амангелдіұлы МомышевЖамбыл облысы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бастапқы жарна 10 пайыздан аспауы керек еді… бұлар 30-40 пайызға дейін көтерген

Бастапқы жарна 10 пайыздан аспауы керек еді... бұлар 30-40 пайызға дейін көтерген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастардың жанашырлығы жанға қуат береді

Жастардың жанашырлығы жанға қуат береді

6 месяцев ago
Тараздық  полицейлер коммуналдық төлем түбіртегі  арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Тараздық полицейлер коммуналдық төлем түбіртегі арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In