• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home • Отбасы

Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

Өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беріп, асыл құндылықтарымызды насихаттап келе жатқан Тараздағы «Анаға тағзым» орталығы аз ғана уақыттың ішінде қыздардың, болашақ аналардың бас қосатын, үлгі-өнеге алатын ордаға айналды. Арулардың жанына медеу, көңіліне дауа табатын рухани орта қалыптасты.

бойынша Jasyn
11/08/2024
in • Отбасы
0
Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда
0
Бөлісу
22
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Рухани мәдениет және өнегелі құндылықтармен таныстыру, қыздардың жан-жақты дамуы және шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін, эстетикалық тәрбиесі мен практикалық дағдыларын дамыту, нәзікжандылардың тарихи құндылықтарға деген ішкі беріктігін қалыптастыруға және нығайтуға бағыттау, бағдарламалар бойынша білім беру, қыздарға ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға, ұрпақ сабақтастығын сақтауға және қабілетті тұтас тұлға қалыптастыруға көмектесу, жаһандану үдерістерінің әсерінен өзгеретін қазіргі әлемде ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтауды басты бағыт еткен орталықтың қазақ қыздарына берері көп. Мәселен, мұнда жас қыздарды ертегі оқудан бастап, домбыра тартуға, ән айтып, күй шертіп, сурет салу мен би билеуге баулып, бойжеткендер мен қыз-келіншектерге іс тігу, ас әзірлеу, тіпті сол арқылы кәсіп иесі атануға да бағыт-бағдар беріледі

«Анаға тағзым» орталығы — мерекелер мен мерейтойларды назардан еш тыс қалдырған емес. «Үкілі кәмшат» облыстық тігіншілер байқауы, «Қасірет пен қасиет» республикалық ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылса, «Мейірім» акциясы аясында орталық қызметкерлері жас сарбаздармен кездесу кешін өткізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер және өмірлік қиын жағдайдағы балаларға қуаныш сыйлап қайтты. «Бірлігіміз жарасқан» достық фестивалі мен дәстүрлі байқаулар жалғасын тапты. Сонымен қатар «Анаға тағзым» орталығы «Достық дастарханы», «Tiflo-асхана», «Tiflo-тігін», «Қазақ тілін үйренушілер үшін «Ынтымақ», анасы мен қызының бірге ас әзірлеуі арқылы отбасы ынтымақтастығын нығайтуға арналған «Ана көрген…», «Әжемнің ертегісі» жобаларын жандандыра түсті. «Әйелмен әлем әдемі» сұлулық фестивалі мен «Бақыт кілті» енелер мен келіндер форумы кең көлемде әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ал, «Белсенді ұзақ өмір сүру» (Клуб Активного долголетия), «Сырғалым» жеңге мен қайынсіңлілердің сырласу клубтары да басқа қырынан көрінді. Одан бөлек, әр үйірме, курс қатысушыларының мамандықтарына сәйкес, түрлі бағыттағы шеберлік сағаттары, мотивациялық кездесу кештері ұдайы өткізіліп тұрады.

Орталықтың жасап отырған еңбегінің қазақы салтымыз бен қоғамның тарихи дамуының сабақтастығын бұзбай, құндылықтарымызды сақтау үшін өскелең жас ұрпаққа дәстүріміздің озық үлгілерін насихаттауда маңызы зор.

Осы уақыт аралығында жеткен жетістіктер де айтарлықтай көп. Түрлі өнер байқауларында үйірмеге қатысушы қыздарымыздың қанжығасы майланып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

Фото: Aikyn.kz

Tags: «Анаға тағзым» орталығы«Бірлігіміз жарасқан» достық фестивалі«Қасірет пен қасиет» республикалық ақындар мүшәйрасы«Мейірім» акциясы«Үкілі кәмшат» облыстық тігіншілер байқауы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

5 года бұрын
Ұшақ апаты: Алматы облысында әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды

Ұшақ апаты: Алматы облысында әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In