• RU
Вторник, 13 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Біз демала білеміз бе?

by Jasyn
24/02/2025
in Ақ самаурын
0
Біз демала білеміз бе?
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шынында біз демала білеміз бе? Демалу дегенді жатып алып, ұйқыны соғу деп түсінетіндер де жетерлік. Ыстықкөлді құшағына басып жатқан Қырғызстан дүниенің «ыстық нүктесіне» айналғалы бері біздің ағайындар демалу мәселесінде әжептеуір дағдарып қалғаны рас.

Бір кездері «Егемен Қазақстан» газетінде еңбек етіп, кейіннен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы болған марқұм Оразхан Жарқынбек ағамыз «Сендер демала білмейсіңдер… Кеше пәленше деген тілші демалыс сұрап келіпті. «Қайда барып демалайын деп жатырсың, редакцияда санаторийге жолдама бар, алмайсың ба?» десем, «жоқ, ауылда там салып жатыр едік, кірпіш құямын» дейді» деп күйінуші еді. Шынында біздің қазақ ең қиын тірлікті жылына бір келетін демалысына туралап, бір жұмыстан қол босатып, екіншісіне жегіліп кете беретіні бар.

Осыдан бірнеше жыл бұрын беделді бір мекеменің ұжымын ауылда қонақ қылып күттік. Күн ыстық, оның үстіне қаладан келген қонақтар бой жазып, сергісін, таза ауа жұтсын деген ниетпен тауға алып шықтық. Бас-аяғы 25-30 шақты адам, арасында Андрей деген бір орыс жігіті болды. Осы Андрейдің киген киімі көпшілікке бірден ұнамады. Бұтында қысқа шорти, үстінде футболка, басында күнқағары бар телпек, аяғында сүйретпесі бар. Сықиып костюм-шалбар киіп алған ағаларымыз «мына байғұс жөні түзу киім киіп шықса, қайтеді» деп Андрейге мүсіркей қарап отырды. Тауға барып, бір ағаштың көлеңкесіне дастархан жайған соң, ағаларымыз бір-бір жастықты құшақтап жата қалды. Андрей өзен жағалап тауға шығып кетті.

Өтірік айтпай-ақ қояйын, демалуға келген ағаларымыз анадай жердегі қырдың басына бір рет шығып, айналаға қарап «керемет екен» деп тамсанды да, қайтадан дастарханның басына жайғасты. Ал, содан кешке дейін ішу-жеу, тост көтеру, әңгіме айту… Арақ су болып аққан соң, бір ағаларымыз мас болып қалып, арасында бір төбелесіп алды.

Кешке қазан-ошақты жинап, қайтайын десек, Андрей жоқ. Дереу балаларды өзеннің бас жағына шаптырдық. Сөйтсек, Андрей балық аулап, соны отқа қақтап жеп отыр екен. Өзі өте көңілді, мәз. Қолында екі-үш балығы тағы бар. «Орыспысың деген, қарным ашып қалады деді ме, балық аулағаны несі, жеймін десе тамақ дастарханда тұр емес пе?» деп ағаларымыз оның ит-терісін басына қаптады.

Осы күні ойлап отырсам, нағыз демалыс сол Андрейдікі болған екен. Тауға шықты, өзенге шомылды, балық аулап, жеміс-жидек терді, бар тірлікті ұмытып, оңаша серуен құрды. Адам демалу үшін, тынығып-сергу үшін одан артық не керек?!.

Демалу дегенде ең алдымен шипажай, түрлі сауықтыру, емдеу орындары еске түседі. Әрине, ол жаққа баруға екінің бірінің шамасы жете бермейді. Негізі жастары жалақыдан, қарттары зейнетақыдан ай сайын 5 мың теңгеден жинап отырса, ол қаржы біздің Оңтүстікте жылына бір мәрте Сарыағаш, Манкент шипажайларына демалып қайтуға молынан жетеді. Бірақ, бізде бір енжарлық бар… Біз ақшаны не үшін жинаймыз? Құдалық шақыруға, бесік той жасауға, қонақ күтуге… Демалыс орнына жолдама алу – біз үшін ақшаны далаға шашып жібергенмен бірдей сияқты. Әйтеуір, күйбең тіршілігіміз бітпейді.

Көп екен ғой,

Көп екен ғой ғажаптар.

Жомарт өзін сақилықпен азаптар.

Қырымда да бірін-бірі қонақ қып,

Туған жерге шаршап қайтты қазақтар.

Ақын Қадыр Мырза Әлінің осы өлеңі нағыз шындықтан туған. Қайбір жылы бір ағамыз бен жеңгеміз өмірінде тұңғыш рет шипажайға демалып қайтты. Түбі жоқ қу тіршіліктен бір сәт қол үзіп, демалып, бой жазып қайтқандарына қуанып қалдық. Келгеннен кейін амандасуға бардық. Сөйтсек, жеңгеміз «Ойбүй, ағаларыңның демалғаны құрысын, барғанын біледі, қайтқанын білмейді» деп күйеді. Сөйтсе, шипажайда ағамыздың бір таныстары жолығып қалған. Олармен 2-3 күн сыралатқан. Төртінші күні піскен бір қойдың етін көтеріп құдасы мен құдағиы келген… Ертеңіне қалған етке көршілерін шақырған. Екі күн есін жия алмай жатқан ағамыз жетінші ме, сегізінші күні ме, әйтеуір сол ауданда жұмыс істейтін кластас досына телефон шалған. Шақырған. Қысқасы, ағамыз демалып емес, шаршап қайтқан ғой. Шынында біреулер демалыс дегенді арақ, сыра ішу деп ойлайды.

Ішімдік дегенде мына бір жәйт есіме түседі. Үш-төрт жігіт бильярд ойнап жатырмыз. Түннің бір уағы. Тамаққа тыңқиып тойып алған жігіттер бір жағы мас, бір жағы ұйқысырап, шынын айту керек, тәлтіректеп, бильярд ойнауға анау айтқандай зауқылары жоқ. Ендеше кім ұстап тұр дейсіз ғой бұл жігіттерді? Бұларды дастархандағы жартылай ішілген арақ жіпсіз байлап отыр. Арақтың ең соңғы тамшысын құйып, бір жігіт тост көтеріп, қағып-қағып салған соң, жігіттердің бәрі бір ауыздан «қой, қайтайық, түннің бір уағы болып қалыпты» деп әркім өз батасымен тұрып кетті. Бильярд та, басқа да жайына қалды. Түннің бір уағы болғанын, үйге қайту керек екенін сол бос шиша есімізге салды.

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ішімдік қойылған дастарханда арақ бітпей бата жасау мүмкін емес. «Шишаның түбінде кішкентай арақ қалды, соны құйып ішіп қоя салайық, сосын тұрамыз» деп, арақтың соңғы тамшысын сырқып құйып жатады. Ал, «тамақ ішіп болдық қой» немесе «дастархандағы нан, салат таусылды, орнымыздан тұрайық» деген әңгіме жоқ. Кафе-асханалардың дастарханында жартылай ішіліп, қалып кеткен ас болуы мүмкін, бірақ арақ-шарап қалмайды. Дастарханнан қашан тұруды арақпен белгілеп қойған осы «дәстүрді» біреулер елемеуі мүмкін, бірақ, күнделікті өмірімізге дендеп еніп бара жатқынан мойындауымыз қажет. Міне, біз арақ ішкен жерде осылай демаламыз.

Әңгіменің бәрі «Біз демала білеміз бе?» дегеннен шығып отыр ғой. Әрине, жыл сайын өз елімізде, тіпті шетелге барып демалушылардың қатары өсіп келеді. Бұл бір жағы ел тұрмысының көтеріліп келе жатқанын білдірсе керек. Бірақ, бәрібір демала білу ең алдымен адамның санасына, түсінігіне, мәдениетіне байланысты сияқты. Бір досым жаздың күнінде әке-шешесін демалдырмақ болып шипажайға жолдама іздепті. Жаз мезгілі – шипажайларда өмірдің нағыз қызған кезі болғандықтан жолдама оңайлықпен табыла қоймаған ғой. «Бір болса, осы кісі де болады» деген үмітпен үлкен бір мекеменің басшысына барыпты. Сонда алпысты алқымдап қалған әлгі мекеменің басшысы «Ата-анамды демалдырамын, емдетемін деген баладан айналмайсың ба?» деп, жолдаманы арзан бағамен беріп жіберген екен.

Сол айтпақшы, «Демалыс – жалқаулық емес, жан еңбегі». Күйбең тіршілікті бір сәтке ысырып тастап, ретін тауып, «шипажайға барып демаламын» деген адамнан шынында, айналу керек қой.

Ал, Сіз қайда барып демалайын деп жатырсыз?

Авторы: Оралхан ДӘУІТ, «Ақ самаурын» кітабынан

Фото: Яндекс Путешествия

Tags: әңгіме «Ақ самаурын» кітабынан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Елімізде жол-көлік оқиғалар саны қанша пайызға өсті?

Елімізде жол-көлік оқиғалар саны қанша пайызға өсті?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша есептілікті қағаз  түрінде тапсыру мерзімі аяқталады

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша есептілікті қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталады

2 года ago
Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In