• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз»

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, су алған аулаларды аралап көріп, ахуалмен танысты.

by Jasyn
08/07/2024
in Қоғам
0
«Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз»
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еске сала кетейік, жексенбі, 7 шілде күні Сарысу ауданы Жаңатас қаласында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшелердегі 400-ден астам үйдің ауласы мен 47 үйдің ішін су алды.

Шығынды есептеу, қосымша нақтылау шаралары жалғасуда.

Жергілікті атқарушы орган және төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 50-ден астам адам тұрғындарға көмектесіп, су айдау жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 17 бірлік техника тартылып, 11 мотопомпа қолданылуда. Қажетті техникалар санын арттыру үшін жедел шаралар қолға алынуда.

Қазір арнайы техникалардың көмегімен суды тоқтату, бағытын бұру жұмыстары үздіксіз атқарылуда.

Зардап шеккен тұрғындар үшін қабылдау пунктері дайындыққа келтірілді. Азаматтарды тасымалдауға арнайы көліктер қарастырылған.

Жалпы, төтенше жағдай салдарын жою, қалыпқа келтіру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Ербол Қарашөкеев жедел штаб отырысында орын алған жағдайдың қайталанбауы үшін себебін зерделеу бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

– Арнайы комиссия құрылып, тұрғындарға, зардап шеккен нысандарға заң талаптарына сәйкес барлық қажетті көмек, қолдаулар көрсетіледі. Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз, – деген өңір басшысы аталған жағдай жеке бақылауында болатынын баса айтты.

Айта кетейік, аудандағы ахуал тұрақты, су деңгейі төмендеді. Адам, мал шығыны жоқ. 

Tags: Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданы Жаңатас қаласысу тасқыны Жанатастөтенше жағдай
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда «артық» шенеуніктер саны қысқарады

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда «артық» шенеуніктер саны қысқарады

3 года ago
Өзбекстанда Twitter, TikTok желілерінің қызметіне шектеу қойылды

Өзбекстанда Twitter, TikTok желілерінің қызметіне шектеу қойылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In