• RU
Четверг, 10 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық

«Біз ашықтық пен әділдік қағидатын ұстанамыз»

Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды.

by Jasyn
09/07/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қаржылық сауаттылық
0
«Біз ашықтық пен әділдік қағидатын ұстанамыз»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әсіресе, аграрлы ауданның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып экономиканы дамыту, ішкі және сыртқы қаржы көздерін тауып инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жұмыс жоспарлары талқыланды.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Мелдеханов бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуы барысын айтты. Басқосу соңында аудан басшысы орын алған олқылықтар мен кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде жойып, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Жалпы алғанда Жетісай ауданында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылы 43,7 млрд теңгеге жетсе, биылғы жоспар 37 млрд теңгені, шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан өндірілген өнім көлемінің жоспары 179,6 млрд теңгені құрап отыр. Одан бөлек, ауданға соңғы 5 жылда 90,2 млрд теңгенің инвестициясы тартылса, алдағы 5 жылда бұл көрсеткішті 419,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.

Ауылдық жерлерді дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2024 жылы 15 елді мекенде 15 жобаны іске асыруға 2,5 млрд теңге бөлініп, елді мекендерді газдандыру, жол жөндеу және мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілсе, 2023 жылы 4 елді мекен, 2024 жылы 20 елді мекен табиғи газға қосылған. Биылғы жылдың соңына дейін 7 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарлануда. Биылғы жылы 4 елді мекенді табиғи газбен қамту бағытында жаңадан құрылыс монтаж жұмыстары басталса, тағы 10 елді мекенді табиғи газға қосу мақсатында жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде өткен «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты республикалық форум аясында Жетісай ауданында да ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің үйлестіруімен, Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.

Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өткен «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге ала отырып, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру және қаржылық алаяқтыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бегманов Нұрсұлтан Бақтыбайұлы, Жетісай ауданының әкімінің орынбасары Пірімбеков Серікбай Қонысбекұлы, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Намазов Ырысбек Беркінұлы, қаржы саласының сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар ұйымдары мен волонтерлер қатысты. Спикерлер нақты мысалдармен бөлісіп, практикалық кеңестер берді.

Форум нәтижесінде қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті және қоғамда заңсыз қаржылық схемаларға қарсы тиімді ақпараттық иммунитет қалыптастыру қажеттігін білдірді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жетісай ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аталған қоғамдық қабылдау партияның «Құқықтық көмек» жобасы аясында өтті. Яғни, тұрғындардың мұң-мұқтаждары мен өтініштерін, ұсыныстарын тыңдап, заң аясында көмек көрсетті.

«Бүгінде халық шағымын айту үшін облыс орталығына барып әуре болмайды. Қажетті салалар бойынша мамандардың бәрі осында келіп, тікелей қабылдау өткізеді. Бұл партия тарапынан қолға алынған тың әрі тиімді тәсіл. Осынау қабылдаулардың нәтижесінде халықтың өтініштері мен ұсыныстары тікелей құзырлы органдарға жеткізіліп, жедел шешімдер қабылданып келеді. Бұрындары қабылдауға кіре алмай жүрген басқарма басшылары мен жауапты мамандардың бәрі осында, елдің алдында. Біз ашықтық пен әділдік қағидатын ұстанамыз» деген облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев көшпелі қабылдаулардың маңыздылығы мен басты мақсатына тоқталды.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан салықтық төлемдер мен банк есепшоттарына қойылған шектеулерді алып тастау сияқты мәселелер де көтеріліп, қаржылық сауаттылық бойынша да кеңестер берілді.

Фото: Kursiv.kz

Tags: Аудандық экономика және қаржыАуылдық жерлерді дамытуелді мекендерді газдандыруинвестицияТүркістан облысы Жетісай ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Алматыда 13 адамның өмірін жалмаған оқиғаға байланысты сот үкім шықты

Алматыда 13 адамның өмірін жалмаған оқиғаға байланысты сот үкім шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент әуежайы сатылымға шықты

Шымкент әуежайы сатылымға шықты

3 года ago
Киберполицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады

Киберполицейлер шетелдік «дропперді» алаяқтық үшін ұстады

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In