• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Биылғы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгерістер болмақ: Тестілеу орталығының басшысы жауап берді

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Биылғы ҰБТ сұрақтарында қандай өзгерістер болмақ: Тестілеу орталығының басшысы жауап берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов ҰБТ-ға қандай сұрақтар қосылғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлаған.

Смағұлов ең алдымен Абылай ханның атының тісі туралы сұрақтарға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ҰБТ-да мұндай сұрақ ешқашан болмаған. «Кейбір ата-аналар осындай тапсырманы емтиханға дайындап жатқан шағын жеке орталықтың байқау сынақтарынан көріп, бұл сұрақты ҰБТ базасымен байланыстыра бастады. Содан соң оны бұқаралық ақпарат құралдары бірден іліп алды да (сәлем фактчекинг) мүлде басқа ой қалыптасып шыға келді, оны тіпті әлі күнге дейін беделді сарапшылар қолданып жүр. Бірақ, мұндай сұрақтар ҰБТ-да болуы мүмкін емес: ең тәжірибелі педагогтер құрастырған әр тапсырма 2 тәуелсіз сараптамадан өтеді», — дейді ол.

Смағұловтың сөзінше, тест тапсырмалары базаға қабылданар алдында тағы бір мәрте тексеруден өтеді. «Бірқатар уақыттан бері 120 000 тест тапсырмасының әрқайсысының артында тұрған, сапасына жауапты нақты адамдардың аты-жөндері бар. Министрдің тапсырмасымен тәжірибесі, жетістіктері мен кәсібилігі тұрғысынан әзірлеушілерге қойылатын талаптар күшейтілді, әр тест тапсырмасының сапасы бойынша келісімшартта қосымша жауапкершілік енгізіліп, жосықсыз әзірлеушілердің тізімі (қара тізімге) құрастырылды, яғни ол тізімге кіру — ҰТО жұмысына қатысудың кез келген мүмкіндігін жояды», — дейді ол.

Айта кетсек, 2018 жылы апелляция қорытындысы бойынша 101 тест тапсырмасы қате деп танылса, 2019 жылы – 58, 2020 жылы мұндай 27 тест кездеседі. Ал 2021 жылдың наурызындағы ҰБТ қорытындысы бойынша апелляцияда тек 21 тест тапсырмасы қанағаттандырылды.

Дидар Смағұловтың сөзінше, жыл сайын есте сақтау қабілетін жаттықтыруға бағытталған тапсырмалар азайып жатыр. Оның орнына алған білімді іс жүзінде қолдануға бағытталған тапсырмалар көбейеді.

Сонымен бірге биыл тестің басты жаңалығы – Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша нақты даталардың жариялануы болып отыр. Биыл әр тест тапсырушыға датаға байланысты 2-3 сұрақ келеді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Аңсаған сәби»: Жыл басынан бері 526 отбасыға көмек көрсетілді

«Аңсаған сәби»: Жыл басынан бері 526 отбасыға көмек көрсетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Самұрық Қазына» компаниялары мемлекеттік көмек алатын кезде банк құпиясын ашуға міндеттелді

«Самұрық Қазына» компаниялары мемлекеттік көмек алатын кезде банк құпиясын ашуға міндеттелді

3 года ago
Житель Жамбылской области выращивал коноплю в огороде

Житель Жамбылской области выращивал коноплю в огороде

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In