• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Биыл Жамбылда егіс алқабы 760,8 мың гектарға артты

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Биыл Жамбылда егіс алқабы 760,8 мың гектарға артты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 760,8 мың гектарға жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,0 мың гектарға артып, 3,5% өсімді көрсетіп отыр. Бүгін ӨКҚ алаңында осылай деген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов алда болатын көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы айтты.

Мамандардың айтуынша, 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылда егіледі. Сонымен қатар, қант қызылшасы 5,0 мың, майлы дақылдар 60,1 мың, көкөніс-бақша дақылдары 54,9 мың гектарға егілмек. Ал 11,5 мың гектарға картоп, 229,5 мың гектарға мал азығы дақылдарын орналастыру жоспарларында. Егіннің жауы – шегірткеге қарсы шаралар да қабылданған. Облыс бойынша биыл үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы жалпы 67 130 гектар алқапқа химиялық өндеу жұмыстары жүргізіледі.

«2021 жылдың өніміне жалпы күздік дақылдар 165,5 мың гектарға орналасты. Күздік дақылдардың өсіп-өну көрсеткіші 59,0% жақсы (98,4 мың га), 34,8% орташа (57,7 мың га) 4,6% қанағаттанарлық (7,5 мың га). Өңделуге жататын 432,5 мың гектар егістік жердің, 60,1 мың гектар өңделіп, бүгінде 13,9%-ды құрап отыр. Қосымша көктемгі жер жырту жұмыстары 69,5 мың гектарға жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 29,5 мың гектар жыртылып, 42,5%-ды құрады. Сонымен қатар, 28,6 мың гектар жаздық масақты дәнді дақылдар себіліп, жоспардың 13,3 пайызы (жоспар 215,9 мың гектар) орындалды», — Қайрат Аманов.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 7,1 мың данадан астам ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылған. Ал, ел Үкіметі тарапынан облыстың көктемгі науқанға 11,5 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Бүгінгі күнге жоспарланған 5,9 мың тоннаның 5,7 мың тоннасына қаржы аударылып, операторлар тарапынан 4,8 мың тоннасы шаруашылықтарға таратылуда. Оның ішінде 201 шаруашылыққа 1354 тоннасы 158-160 теңгеден беріледі.

Айта кетейік, биылғы жылдың өніміне егілетін жаздық дақылдарға қажетті 72,5 мың тонна тұқым толығымен дайын. Оның 8% элита және 62,8 мың тоннасы яғни 86,6% 3 репродукциядан төмен емес. Қазіргі таңда аудандардағы тұқым зертханасына келіп түскен тұқымның көлемі 16,9 мың тоннадан, тексерілгені 16,4 мың тонна. Су тапшылығын азайту мақсатында ағымдағы жылы су үнемдеу технологияларын 40,0 мың гектарға енгізу жоспарлануда. Ал, егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1,035 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде 30,0 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланылмақ.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда тендер жұмыстарынан 676 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді

Жамбылда тендер жұмыстарынан 676 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда қанттың бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

4 года ago
Динара Сәтжан : «39 жасқа толғанымды жасырмаймын»

Динара Сәтжан : «39 жасқа толғанымды жасырмаймын»

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In