• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Биыл кейбір өңірде құрғақшылық болуы мүмкін

by Jasyn
06/03/2024
in Ауыл шаруашылығы
0
Биыл кейбір өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жем-шөп тапшылығын болдырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидрометтің мәліметінше, жаздың алғашқы екі айында Қазақстанның батыс аймақтарында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс аймақтарында қалыпты деңгейде болуы ықтимал. Тамыз айы салқындау болуы мүмкін. Облыстардың басым бөлігінде температура климаттық норма шегінде, сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде нормадан жоғары температура болуы ықтимал», — деп атап өткен Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Сонымен қатар, синоптиктер маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады деп жариялады.

«Еліміздің солтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр жиі жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жауын-шашын қалыпты деңгейде болуы мүмкін. Ал шілде мен тамыз айларында елдің басым бөлігінде климаттық нормаға жақын деңгейде жаңбыр жауады деп болжанып отыр», — делінген ведомство хабарламасында.

«Қазгидромет мәліметіне қарағанда, биыл кейбір оңтүстік өңірлерде, сонымен қатар Маңғыстау облысында құрғақшылық болуы ықтимал. Осындай жағдай өткен жылы да байқалған. Мал азығының тапшылығы бойынша өткен жылғы жағдайға жол бермеу мақсатында министрлік тарапынан мүдделі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді АШМ мамандары.

2022 жылдың қаңтарында 15 жүйелі іс-шараны көздейтін жем-шөп саласын дамыту жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы жаздық егіс 23 млн гектарға жоспарланған. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 15,8 млн гектар, майлы дақылдар – 2,9 млн гектар, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 475,5 мың гектар, жем-шөп дақылдары 3,7 млн гектар аумақты қамтиды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда министрліктердің атауы мен санын нақты бекіту ұсынылды

Қазақстанда министрліктердің атауы мен санын нақты бекіту ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

Елбасына ескерткіш орнату идеясы мүлдем ұнамайды – Айдос Үкібай

4 года ago
Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Тараз қаласында зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In