• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Бірыңғай кеңістік құрылады: білім министрлері Аймағамбетовтің идеясын қолдады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық Азия елдерінде жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігі құрылады. Мұндай шешім Түркістандағы Орталық Азия елдері білім министрлерінің қатысуымен өткен форумның қорытындысы бойынша қабылданды деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

Офлайн және онлайн форматта өткен іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан білім министрліктерінің басшылары, сондай-ақ Орталық Азия елдеріндегі білім министрліктерінің өкілдері, Еуропа Кеңесінің халықаралық ұйымдары, Еуропалық комиссия, Болон процесі бақылау тобының өкілдері, Эразмус+ және Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық Азия кеңістігін құру туралы ұсынысын білдіріп, шетелдік әріптестер Асхат Аймағамбетовтің бастамасына қолдау білдірді. Форум қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды.

«Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру бүгінгі таңда объективті қажеттілік болып отыр. Жыл сайын танылатын білім туралы құжаттардың жалпы санының 70%-ға жуығы Орталық Азия жоғары оқу орындарының құжаттары. Бүгінде Орталық Азия елдерінің азаматтары болып табылатын 20 мыңға жуық студент қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алып жатыр және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, жоғары білімнің бірыңғай кеңістігі шеңберінде бүгінгі таңда жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі елдеріндегі сияқты біліктілікті танудың жеңілдетілген немесе автоматты рәсімі мәселесін қарастыруға болады», – деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Түркістан декларациясы ынтымақтастықтың келесі бағыттарын көздейді:

Орталық Азия елдері жоғары оқу орындарының Альянсын қалыптастыру

Орталық Азия елдерінің білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі аккредиттеу кеңесін құру

Орталық Азия елдері студенттерінің Альянсын құру

Біліктіліктерді және білім туралы құжаттарды тану жөніндегі ұйымдар қауымдастығын құру.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Атырау облысында тұтқындалған депутат партиядан шығарылды

Атырау облысында тұтқындалған депутат партиядан шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Картоп пен сәбіз бағасы арзандады

Картоп пен сәбіз бағасы арзандады

4 года ago
Мәдениет тақырыбына адалдық танытуға тырыстым

Мәдениет тақырыбына адалдық танытуға тырыстым

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In