• RU
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

«Бір күнде 160-тан астам азаматты қабылдадым»

«Мәселен, өзім Мәжілістің қабылдау бөлмесінде бір күнде 160-тан астам азаматты қабылдадым. Бұл Парламентке деген сенім болғанымен, жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер тиісінше жүзеге аспай, орталыққа дейін жетуде дегенді білдіреді».

by Jasyn
20/03/2025
in Топ
0
«Бір күнде 160-тан астам азаматты қабылдадым»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында осылай деген депутат Бақытжан Базарбек жергілікті органдардың жауапкершілігі мен жұмысын күшейту керек екеніне тоқталды.

«Өзекті, қордаланған және әлі де болса да шешімін таппай жүрген мәселелер жеткілікті. Біз соттарды реформалау туралы заңды қабылдап, Жоғарғы соттан дербес азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша кассациялық соттарды құрдық. Сот төрелігіне азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін кассацияны және әкімшілік істер бойынша сот өндірісінің экстерриториалдығын енгіздік. Сөз жоқ, бұл үлкен жетістік.

Бірақ соттардың заңды күшіне енген шешімдері орындалмай келеді. Себебі барлықтарыңызға белгілі. Ол үшін әлі де заңнаманы жетілдіруіміз қажет, кем тұстарын қоғамның бүгінгі сұраныстарына сай өзгерту маңызды» дейді депутат.

Тағы бір түйткіл, қоғамда мәселе шешкіш делдалдардың, яғни «помогайкалардың» көбейіп кетуі. Бұл бойынша да әділ шешім қабылдап, оларға заңмен тосқауыл қойған жөн.

Халықпен кешенді түрде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның жоқтығы, құқықтық нигилизм мен адамдардың сана сезімінде заңды айналып өту, заңға бағынбау, заңның жетілмеген тұстары мен кемшілігін өз жеке пайдасына бейімдеу сияқты іс әрекеттер жиілеп кетті.

Кез келген салада үзілді кесілді заңның үстемдігі орнады деу қиын. Бұл ұзақ уақыт бойы заңдарды лоббистік жолмен олигархтардың мүддесі үшін әзірлеп қабылдағанының салдары. Құрылыстағы лобби, банктік топтар лоббиі, мұнай-газ саласындағы лобби сияқты дүниелер әзірдің өзінде де бар.

Бірақ бүгінгі Парламент депутаттары мұндай қисынсыз әрекеттердің тамырына балта шауып келеді.

«Қорыта келе, Президентіміз айтқандай, «біз надандық пен ескілікке, радикализм мен масылдыққа, тоғышарлыққа және сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы тұрамыз». Яғни бәріміз бірге еліміздегі нақты өзгерістерге деген жұртшылық сенімін нық орнықтырамыз. Осылайша халқымыздың құқықтық мәдениетін, заңдық әлеуетін арттырамыз» дейді Бақытжан Базарбек.

Фотоо: Казахстанская правда

Tags: депутат Бақытжан Базарбеккассациялоббистік жол
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауылда баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек

Ауылда баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Бұл — гендерлік зорлық-зомбылықты құрту жолындағы алға жасалған қадам»

«Бұл — гендерлік зорлық-зомбылықты құрту жолындағы алға жасалған қадам»

1 год ago
Жиһаз жеткізіп беремін деп жоқ боп кеткен

Жиһаз жеткізіп беремін деп жоқ боп кеткен

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In