• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Бір балаға алимент небәрі 22 мың теңгені құрайды

by Jasyn
25/10/2024
in Әлеумет
0
Бір балаға алимент небәрі 22 мың теңгені құрайды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Балалардың өміріне лайықты жағдай жасау үшін алимент әрдайым жете бермейді. Жанна Асанова осындай төлемдерді есептеу тәртібін қайта қарауды ұсынды. Ол өзінің депутаттық сауалында осы саладағы проблеманы көтерді.

Оның айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте алимент бір балаға ата-ана табысының төрттен бірін құрайтыны көрсетілген. Алимент төлейтін ата-ана көбінесе іс жүзінде ең төменгі жалақыны 85 мың теңге етіп көрсетіп, кірісін төмендетіп жүреді. Нәтижесінде бір балаға алимент небәрі 22 мың теңгені құрайды, бұл тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша айына 130 мың теңгеге жететін баланың нақты қажеттілігі туралы айтпағанда, ең төменгі күнкөріс деңгейінен әлдеқайда аз. 

«Біздің еліміздегі әрбір бала тек тамақ пен киім ғана емес, сонымен қатар білім алуға, медициналық қызмет пен басқа да әлеуметтік игіліктерге қол жеткізуді қамтитын лайықты өмір сүру деңгейіне құқылы. Алимент мөлшерін анықтаудың қолданыстағы тәртібі ескірді және баланың жас ерекшелігі де ескерілмейді.  Бұл балалардың әлсіздікке душар болуы мен толыққанды дамуына қажетті ресурсқа қол жеткізе алмауына әкеледі. Қазіргі уақытта біздің еліміздің заңнамасында алименттің ең төменгі мөлшері туралы түсінік жоқ, өйткені олар алимент төлеушінің кіріс мөлшеріне қарамастан үлестік қатынаста есептеледі. Мұның бәрі өндіріп алынатын алимент мөлшерін азайту мақсатында төлеушіге өзінің нақты табысын жасыруына алып келеді», — деді Жанна Асанова.

Депутат сонымен қатар сот арқылы алимент мөлшерін өзгерту немесе оларды белгіленген мөлшерде белгілеу мүмкіндігіне қарамастан, борышкердің нақты кірісін еңбек қатынастарының ерекшелігіне байланысты дәлелдеу қиын екенін атап өтті.

«Отбасылық жағдай мен балалар саны және олардың нақты қажеттілігін ескере отырып, алименттің неғұрлым әділ мөлшерін белгілеу үшін неке-отбасы заңнамасының ережелерін қайта қарау мүмкіндігін қарастыруды сұраймын. Жасына және әлеуметтік факторларға байланысты балалардың негізгі қажеттілігіне талдау жасау керек. Алиментті төмендетудің алдын алу үшін жұмыс берушілер мен өзін өзі жұмыспен қамтығандардың кірістерді жасыруын анықтау тетігін әзірлеу керек», — деді Жанна Асанова.

Фото: diapazon.kz

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ұшағы 13 сағат кешіккені үшін авиакомпания әр жолаушыға 2000 теңге өтемақы берген

Ұшағы 13 сағат кешіккені үшін авиакомпания әр жолаушыға 2000 теңге өтемақы берген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда қатерлі ісікпен күреске 460,7 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда қатерлі ісікпен күреске 460,7 млрд теңге жұмсалады

2 года ago
2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн. теңге салық түсті

2021 жылы мемлекеттік бюджетке 10,7 трлн. теңге салық түсті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In