• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Бір әкімнің бастаған жұмысын екінші әкім жалғастырғысы келмейді

Мәжілістің бір топ депутаты Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы «Қаралма» тау шаңғы туризм кешенінің қазіргі жағдайына алаңдап Премьер-министрдің Бірінші орынбасары Р. Склярға депутаттық сауал жолдады.

by Jasyn
20/03/2024
in Әлеумет, Топ
0
Бір әкімнің бастаған жұмысын екінші әкім жалғастырғысы келмейді
0
SHARES
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

— Жуалы ауданындағы «Қаралма» тау шаңғы туризм кешені біздің мәліметтер бойынша аталған жоба 2018 жылы сол кездегі облыс басшысы Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың ұсынысымен басталған, — дейді депутат Ерболат Саурықов. — Жамбыл облысының жұртшылығы бұл ұсынысты қуана мақұлдады. Бұл жобаның инвесторы – «ТаразСтрой-2004» ЖШС. Сол уақыттағы сметасы – 6,3 млрд тенге. Кешен құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталған. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 1 тоқсанында жоба бастаушысының жеке қаражатының тапшылығына байланысты тоқтаған. Бүгінгі күні уақыттың созылуына байланысты жобаның құны қайта есептеліп, 7,9 млрд. теңгені құрап отыр. Осы күнге дейін игерілген сомма – 4,8 млрд. тенге. Кешеннің құрылысын толық аяқтау үшін 3,1 млрд. теңге қажет.

Инфрақұрылым жобалары бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік көлік дәлізінен тау етегіне дейінгі 7 шақырым асфальтталған автожол жүргізілген, газбен, электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Тау шаңғысы кешеніндегі арқан жолының құрылысы, ішкі алаңдарды абаттандыру жұмыстары, кірме жол, ресторан, сервис орталығы, техникалық бокс және өзге қажеттіліктер шамамен 80-85% аяқталған. Мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы 542 млн. 600 мың теңгеге ауыз су мен кәріз жүйесі тартылған. Сол сияқты саяхаттаушылар мен демалушыларға және шаңғы тебушілерге арналған, жекелеген инвесторлардың тарапынан 20 коттедждің құрылысы 70-80% аяқталған. Бұл жерге 1 млн. 100 мың халқы бар Жамбыл облысы және іргелес жатқан 300 мыңнан астам халқы бар Оңтүстік Қазақстан облысының 2 ауданы жақын.

Жоба басталғалы бері Жамбыл облысында бүгінгі күні төртінші әкім қызмет жасап жатыр. Осыдан кейін баршамызда мынандай сауал туындайды. Жеке инвестордың қаражатымен халық игілігі үшін басталған осындай іргелі жобалар неге аяқсыз қалады? Кім кінәлі? Жүйе ме, әлде бір әкімнің ұсынысын екінші әкім жалғастырғысы келмейтіндігінде ме? Не үшін жанымызда тау шаңғы кешені тұрғанда елдер сабылып 500 шақырым жердегі саяхат орнына бару қажет. Қарапайым халықтың қалтасы бағасы шарықтаған Шымбұлақ пен Ақбұлақты қалай көтереді? Жергілікті басшылар немесе Туризм министрі неге осыны ойламайды?

Мәжіліс депутаттары «Қаралма» туристік тау шаңғы кешенінің жұмысын жандандыру үшін жобаның аяқталуына ықпал жасап, инвесторға жағдай жасау үшін Туризм министрі мен облыс басшысына тез арада шешудің жолдарын қарастыруды сұрайды.

Ол үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі бағытында шешудің жолдарын қарастырып, болмаған жағдайда инвестордан мемлекетке сатып алу мәселесін ойластырған дұрыс дейді халық қалаулылары.

 

Tags: «Қаралма» тау шаңғы туризмдепутат Ерболат Саурықов.Жамбыл облысы Жуалы ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасына  10 мыңнан астам такси жүргізушісі тіркелген

Мемлекеттік кірістер комитетінің пилоттық жобасына 10 мыңнан астам такси жүргізушісі тіркелген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш берді: құжат қабылдау жалғасып жатыр

Арнайы бағдарламаға қатысуға 800-ден астам мұғалім өтініш берді: құжат қабылдау жалғасып жатыр

3 года ago
Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

Жириновскийдің коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In