• RU
Среда, 14 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

Білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек

Қазақстан Халық партиясының фракциясы бакалавриат мамандарын даярлау үшін бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемінің жетіспеушілігі мәселесіне Үкіметтің назарын аударды. Мәселен, гранттар саны мектеп түлектерінің жалпы санынан орта есеппен 40% - ға жуығын ғана қамтиды.

by Jasyn
13/02/2025
in білім
0
Білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мысалы, 2022 жылы 61 мың грант бөлінді, ал Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша түлектер саны 161 мыңнан асты, 2023 жылы 168 мыңнан астам түлектерге 73 мың грант берілді.  Биылғы жылы мектеп түлектерінің саны рекордтық 219 мың болады деп күтілуде, оларға 79 мың грант бөлу жоспарлануда – бұл жалпы санының 36% ғана болмақ. Оған қоса, талапкерлердің қатарында колледж түлектері де болатыны анық.

Сонымен қатар, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша білім беру грантына түсудің қазіргі жүйесі бізге әділетті болып көрінбейді. Мәселен, өткен жылы 11 сыныпты 172 мың оқушы аяқтап, білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа 104 мың адам қатысты. Алайда, байқау қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам мектеп түлектері грант ала алмады, солардың ішінде 100 және одан да жоғары баллмен 10 мың талапкер  бар. Бүгінде түлектер үшін ҰБТ және грант алу тағдырдың шешуші факторларының біріне айналғаны да құпия емес.

Осыған сүйене отырып, біз білім беру тапсырысының спектрін кеңейту мүмкіндігін қарастырып, ҰБТ-да алынған ұпайларға сай оқу ақысының 30, 50 және 70% төленетін мамандықтардың барлық түрлері бойынша сараланған гранттар жүйесін толыққанды енгізуді ұсынамыз.

Оған қоса, білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек деп санаймыз. Қазақстандағы бүндай кредиттердің шегі – 5 млн теңге ғана. Мұндай сома қазіргі жағдайда өзекті болып табылмайды, өйткені біздің елімізде тек бір ғана оқу жылының құны 2 млн теңгеден басталатын жоғары оқу орындары бар. Осы несиелердің тағы бір проблемасы – ол пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы, орта есеппен жылына 20%. Мұндай несиелер азаматтар үшін тиімсіз.

Халықаралық тәжірибені алып қарасақ, Еуропадағы ұқсас несиелер орта есеппен 3-5%, АҚШ-та 2-7% деңгейінде беріледі. Ресейде болса жеңілдетілген білім беру несие жүйесі бар, ол бойынша жылдық мөлшерлеме 3% деңгейінде ғана қолданылады. Өзбекстанда жетім балалар мен 1 және 2 топтағы мүгедектер үшін пайыздық мөлшерлеме мүлдем жоқ. Аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер үшін кредиттің пайыздық төлемдер сомасының 50% төлеу мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жүзеге асырылады.

«Осыған орай, Үкіметке екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, жылдық мөлшерлемесі 5% аспайтын, қарыз шегі 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген білім беру несие бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз» дейді депутат И. Сұңқар.

 

 Фото: Stan.kz

 

Tags: Білім беру кредиттербілім беру несие бағдарламасыгрант
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бала бақшаны тексерушілер неге көп?

Бала бақшаны тексерушілер неге көп?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Арыста жеке инвестор жаңа мектеп салып берді

Арыста жеке инвестор жаңа мектеп салып берді

6 месяцев ago
Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын  алу керек

Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын алу керек

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In