• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Бес айда 23 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамту шараларымен қамтылды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Бес айда 23 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамту шараларымен қамтылды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облыс әкімдігінде өткен кезекті аппараттық кеңесте халықты жұмыспен қамту мәселелер сараланды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков «Еңбек» бағдарламасы бойынша биыл 14,9 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады.

31 мамырдағы жағдайға сүйенетін болсақ, облыс бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 23 098 адам қамтылып, жоспар 57,5 пайызға орындалған. Барлығы 345 жамбылдық 1404,3 миллион теңге көлемінде шағын несие алса, 2 810 жамбылдық 1 639,4 миллион теңге көлемінде грантқа ие болған. «Қайтарымсыз гранттар бойынша облыстық көрсеткіш 74,3 пайызды құрағанымен, Байзақ және Меркі аудандарында бұл көрсеткіш 35,7 пайыз және 50 пайыз денгейінде, яғни облыстық деңгейден төмен сатыда қалыптасқан» , — деді Ж.Баубеков.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 226 адам жіберілсе, оның ішінде 138-і тұрақты жұмысқа орналасқан. 746 түлек жастар тәжірибесі бойынша жолдама алса, оның ішінде 61-і тұрақты жұмысқа тұрған.

«Біздің басты міндетіміз – тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына көмектесу. Ал ол үшін бөлінген қаражатты, бірінші кезекте, гранттар мен шағын несиелер бойынша уақытылы және толық көлемде игеру қажет. Бес ай өтті, біз әлі де жұмысты жүйелендіре алмай отырмыз. Аудан мен облыс орталығының әкімдеріне жоспарды орындау бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Біз өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бірден бірнеше адамды жұмысқа алуына қол ұшын беруіміз керек», — деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына қатысты бірқатар ескертулер айтты. «Тұрғындар мемлекеттік қолдау шараларынан, олар бойынша қайда жүгіну керектігінен хабарсыз, сондықтан ақша уақытылы игерілмейді. Халықпен кері байланыс орнататын уақыт жетті», — деді ол.

Бердібек Сапарбаев егер сұранысқа ие мамандарды оқытсақ, жұмыссыздық деңгейі төмендейтіндігін алға тартты. «Біз жұмыссыздықты қолдан жасамауымыз керек. Білім гранттарын таратпас бұрын, сұранысқа ие мамандықтың тізімін жасаңыздар. Қазір облыста бірнеше жаңа зауыт салынып жатыр, қолданыстағы зауыттар кеңейтілуде. Оларға қандай мамандар қажет екенін анықтау керек», — деп тапсырды облыс әкімі білім басқармасына.

Сондай-ақ, аймақ басшысы мемлекеттік органдар қаржы институттарымен тығыз байланыста жұмыс жасай алмай отырғандығын тілге тиек етті.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Иммунолог: Коронавирус ВИЧ инфекциясына ұқсайды

Иммунолог: Коронавирус ВИЧ инфекциясына ұқсайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

8,2 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды

8,2 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды

4 года ago
Журналистика – адамды жалықтырмайды

Журналистика – адамды жалықтырмайды

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In