• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова өмірден озды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова өмірден озды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Белгілі айтыскер, «Халық ақыны» Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті.

Қаралы хабарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасында мәлім етті.

«Таңменен суыт хабар жетті. Әселхан апамыздың сағаты соғыпты. Өткен айтыста төрімізді толтырып, жарқырап жүр еді, жарықтық. Амал нешік. Апамыздың иманы жолдас болсын. Халқымыз қазақтың дәстүрлі өнерін қайта жаңғыртқан, жаңа леп алып келген айтулы айтыскер ақыннан айырылып қалды. Жатқан жеріңіз жайлы, иманыңыз жолдас болсын, апа! Алдыңыздан жарылқағай. Өзіңізбен бірге бір дәуір көшті. Орныңыз толсын. Талай ақын қыздарға үлгі болып, жол көрсетіп, көш бастап едіңіз. Жаратқан алдыңызды пейіш, артыңызды кеніш еткей», — деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Әселхан Қалыбекова 1950 жылы 22 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Белгілі халық ақыны Ергөбек Құттыбайұлының ұрпағы.

1970 жылдары аудандық мәдениет бөлімінде, аудандық газет редакциясында қызмет етті.

1971-91 жылдары аралығында аудандық ауа райы мекемесінде бақылаушы қызметін атқарған.

1981 – 1982 жылдары суырып салма айтыс ақындарының додасына қатыса бастады. Ұлттық өнерге қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі үшін бірнеше марапатқа ие болған. 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды.

1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6 сәуіріндегі жарлығы бойынша «Қазақ КСРнің Халық ақыны» құрметті атағымен марапатталды.

2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2005 жылы Елбасының жарлығымен еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат орденімен» марапатталды. Отырар ауданының Құрметті азаматы құрметті атағымен және де көптеген медалдармен сыйлықтармен марапатталған.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Өзбекстанда Twitter, TikTok желілерінің қызметіне шектеу қойылды

Өзбекстанда Twitter, TikTok желілерінің қызметіне шектеу қойылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мәжіліс азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты заң жобасын талқылайды

Мәжіліс азаматтардың борыш жүктемесін азайтуға қатысты заң жобасын талқылайды

3 года ago
БҰҰ болжамы: 2050 жылы Қазақстанда 10 тұрғынның 7-еуі қалада тұрады

БҰҰ болжамы: 2050 жылы Қазақстанда 10 тұрғынның 7-еуі қалада тұрады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In