Ауылда құдалық шақыратын болып, бір апамыз қалаға базарға барған ғой. Сөйтіп ұн сатушыдан әлгі апамыз:
— Әй, айналайын, ұның жақсы ма? – деп сұрапты.
— Әрине, жақсы, апа! Жоғарғы сорт. Қандайы керек сізге?
— Білмеймін, қарағым! Құда шақыратын едік, ет асамыз, нан жабамыз, тоқаш пісіреміз дегендей…
— Міне, елдің бәрі мына ұнды алады. Қанша келілігін аласыз?
— Ең жоғарғы сорт па?
— Иә, ең жоғарғы сорт…
— Онда мынау кішкентай қапшықтағысын бер…
Қаптағы ұнды жанына қойған апа:
— Енді айналайын ең арзан, ең төменгі сортты ұның бар ма? – деп сұрапты.
— Бар, апа…
— Содан бір килодай бер?
— Бір-ақ кило ма? Оны не істейсіз?
Сөйтсе кемпір:
— Келген құдалардың бетіне жақпаймыз ба? – деп айтатын көрінеді.
Авторы: Оралхан ДӘУІТ, «Ақ самаурын» кітабынан
Фото: BAQ.KZ