Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.
Үкімет басшысы Қазақстан экономикасының көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін және сенімді қалпына келу серпінін көрсетіп отырғанын атап өтті. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 5,8%-ға, сауда саласында 9,1%-ға, байланыс саласында 12,8%-ға, сондай-ақ құрылыста 11,4%-ға өсу қарқынының күшеюуі жалғасуда. Осы жылдың 8 айында елімізде 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім фармацевтикалық өнім өндіру көлемінің 40,8%-ға, машина жасаудың 23,9%-ға, мұнай өңдеудің 9,2%-ға, былғары бұйымдарын шығарудың 8,4%-ға, азық-түлік өнімдерін өндірудің 4,8%-ға және химия өнімдерінің 2,2%-ға ұлғаюымен байланысты.
ОПЕК+ аясында мұнай өндіруге қойылған шектеулерді ескере отырып, тау-кен өндірісі секторындағы өсу қарқыны шектеулі (-1,4%) болып қалып отыр.
Көрсетілетін қызметтер секторындағы өсу қарқыны қалпына келіп жатыр және қазіргі уақытта саудадағы (+9,1%) және байланыстағы (+12,8%) жоғары динамика есебінен 2,3%-ға жетті.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі тау-кен өндірісін есепке алмағанда 18%-ды құрады. Бұл құрылыста (+150,1%), өңдеу өнеркәсібінде (+81,7%), ауыл шаруашылығында (+43,2%), саудада (+39,9%), ақпарат пен байланыста (+37,0%), жылжымайтын мүлік операцияларында (+16,2%) және көлік қызметтерінде (+9,0%) негізгі капиталға салынған инвестициялардың жоғары көрсеткіштері есебінен орындалды.
Суретте: Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев