• RU
Воскресенье, 15 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Бастық

by Jasyn
08/04/2025
in Ақ самаурын, Қоғам
0
Бастық
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бір күні көлігін әрең-әрең жүрігізіп келе жатқан Бақытжан Советұлы ағамызды МАИ қызметкері тоқтатыпты. Сірә, тарақандар сияқты ақ сызықты басып өтіп, ережені өрескел бұзса керек.

«Журналист едім, жиналысқа асығып барамын» десе де МАИ-шник көнбепті. Болмаған соң «Айналайындар-ау, МАИ мен журналистер «пәшти» бірлесіп жұмыс істейді. Күніміз полицияның іс-шараларын көрсетумен өтеді. Сенің бастығыңды да жақсы танимын…» десе, анау «Ну, што… Танысаңыз, сол бастыққа телефон шалсаңызшы…» деп, илікпейтін көрінеді.

Намыстан жаралған қазақ емес пе? Бәкең бірден телефонын қолына алып, біреуге телефон шалады. Сөйтеді де «Мені МАИ ұстап жібермей жатыр, бір ауыз айтыңызшы…» деп бір-екі ауыз сөйлесіп, телефонды полиция қызметкеріне береді ғой. Анау «Бұл кім?» дегендей сұраулы жүзбен қарайды. «Бастық…» дейді Бәкең сыбырлап…

«Бастық» дегенді ести сала полиция жігіт сымдай тартылып, телефонды құлағына тақап: «Саулығыңызды тілеймін!» деп, лыпылдай жөнеліпті. Екі сөзінің бірі: «Жақсы, жақсы… Болды, болды… Қазір жіберемін… Ондай-ондай болады ғой, әрине…». Сонымен МАИ-шник Бәкеңе телефонын беріп, құжаттарын қайтарып, «Бара беріңіз…» депті.

Қуанып кеткен Бәкең енді бұрыла бергенде полиция қызметкері: «Аға, шынымен бірден біздің бастықтарға звандағаныңыз не? Бірақ қай бастық екенін аңғармай қалдым… Қайсысына телефон шалдыңыз?…» деген ғой ыржиып.

Дәл осы жерде тып-тыныш кете беретін-ақ жөні бар Бақытжан ағам:

— Сенің бастығыңды қайдам, мен өзімнің бастығыма звандағам… — деп тұр дейді.

Сөйтсе Бәкең шынымен өзінің бастығы, Жамбыл облыстық телеарнасы төрағасының орынбасары Асқарбек Сейілханға телефон шалған екен. Мамандығы актер Асекең лезде ролге кіріп кеткен ғой.

— Аға, қызықсыз ба, сіздің бастығыңыздың бізге не қатысы бар… Еще, тағы адамның жүрегін ұшырып… – деп, полиция жігіттер Бәкеңді қайтадан «қораға» кіргізіп, бес-он теңгесін алып, әрең жіберіпті.

Фото: Orda.kz

Tags: әңгіме «Ақ самаурын» кітабынан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Сағындырған студенттiк кездер-ай!

Сағындырған студенттiк кездер-ай!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды

Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды

3 года ago
Жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады – министрлік

Жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады – министрлік

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In