• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ана мен бала

Басты мақсат – қиын жағдайға тап болған аналарға көмек көрсету

Жамбыл облыстық «Ана үйі» ресурстық орталығының қоғамдық қорының құрылғанына он жылдың жүзі болды. 2014 жылы жетімдікті азайту мақсатында құрылған «Аналар үйі» өз жобасын сәтті орындап келеді. Өмірдің қиын жағдайына түскен нәрестелі қыз-келіншектер, жүкті әйелдер мен сәбилі аналарға бұл үй арқа сүйер азаматы мен қара шаңырағының орнын алмастырып тұрғаны жасырын емес.

by Jasyn
09/08/2024
in Ана мен бала
0
Басты мақсат – қиын жағдайға тап болған аналарға көмек көрсету
0
SHARES
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тағдыры тәлкекке түсіп, бірі өмірге жаңа келген, бірі ерекше өмірі енді ғана басталған екі жан аяқтанғанша жатар орын, ас-ауқатпен қамтамасыз етіліп,  осы үйді паналайды. Сондай-ақ бұл орталықта еңбек биржасы арқылы жұмыс тауып беру жоспары да алға қойылған. Ал ең маңыздысы балалары бір жарым жасқа толғанша еш қиындықсыз осы «Аналар үйінде» тұруға мүмкіндік берілген.

Бұл үйдегі қызметкерлердің де басты мақсаты ана мен баланы айырмау, ананың баласынан бас тартуына жол бермеу.

— Аталмыш орталықтың басты мақсаты – қолында жаңа туған нәрестемен қиын өмірлік жағдайға тап болған аналарға, сондай-ақ баласынан бас тарту қаупі бар отбасыларға көмек көрсету. Перзентханамен тікелей байланыстамыз. Ондағы қызметкерлер жалғызбасты келіншектің босанғанын бірден бізге хабарлайды. Біз барып, ана мен баланың жағдайымен танысамыз. Ең құрығанда «Аналар үйінде» аз уақыт ойлана тұруына көндіреміз. «Баламды балалар үйіне өткіземін»  деген райынан қайтару мақсатында бір-екі апта, бір ай, соңыра баласын қырқынан өткізіп, құшағына алып, аналық мейірімі оянғанша демеп, қолдап отырамыз. Соңыра өздері де балаға бауыр басып, қимай қалады.

Кейбіреуі үйіндегілер қабылдамай, баланы өткіз десе де, баласымен бірге болу үшін өздері пана іздеп келеді. Бұл жерде жайлы үй атмосферасы қалыптасып, ана мен балаларға барынша жайлы жағдай жасалған. Бұрын көмек алған аналар бұл үйден кетсе де,  байланыс үзбей, ризашылығын білдіріп хабарласып тұрады. Кезекті шақыру бойынша жуырда қалалық аурухананың босану бөліміне бардық. 18 жасар Ж. есімді қыз баласынан бас тартпақ болған. «Ана үйі» қызметкерлері дер кезінде Ж-мен сөйлесіп,  ақыл-кеңестерімізді ұсындық. Ол баласын өзі бағып, қарайтын болды, анасына хабарласып, бар жағдайды айтты. Анасы түсініп, қолдау көрсетті. Ал, жауапкершілік танытпаған жігіт хабарсыз кетті. Ж. тағдырының осылай болғанына ешкімді кінәлі санамайды. Бір білетіні ол баласымен бақытты болатынына сенімді. Енді орталықта баласын құшағына алып, аналық мейірімін беріп отыр, – дейді Жамбыл облысындағы «Ана үйі» қоғамдық қорының уәкілетті өкілі Айнұр Ажибекова.

Жалпы алғанда Ана үйінің 10 жылдық қызмет жылдары ішінде 6774 әйел қордан уақтылы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бастысы, бөбектер балалар үйіне түспей, анасының құшағында қалды. Қазіргі таңда бұл үйде 5 әйел нәрестесімен тұрып жатыр. Қор толықтай қазақстандық меценаттардың демеушілігімен 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Фото: BAQ.KZ

 

 

Tags: «Ана үйі» қоғамдық қорыжетімдік
Jasyn

Jasyn

Next Post
ЖИЫРМА ЖЫЛДАН БЕРІ ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҮШІН ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ АРМАН БОЛЫП ТҰР

«Artsport» бойынша 29,2 млн. теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Аудандық ауруханада «вирус» қайдан қаптап жүр?

11 месяцев ago
Жамбыл облысында батыр полицейлер марапатталды

Жамбыл облысында батыр полицейлер марапатталды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In