• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Басшыларға сот үкімі ұжымның алдында жарияланды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы М. Мырзасейітовке, осы басқарманың бөлім басшысы А. Жолсейітовке және кәсіпкер Э. Исаковқа қатысты үкім шығарды.

by Jasyn
18/06/2024
in құқық, Топ
0
Басшыларға сот үкімі ұжымның алдында жарияланды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасқаны, олар бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қою үшін жалпы сомасы 14,6 млн теңгені құрайтын бірнеше рет пара алғаны және бергені үшін, сонымен қатар Жолсейітов бұдан басқа — пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Жолсейітов Төлеби ауданының Цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымына ауысқаннан кейін осындай әрекеттерді орындағаны үшін жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен Исаковтың 903 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.

Аталған үкіммен Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Мәулен конкурстың жеңімпазын анықтағаны және ауданның ауылдық округтеріне IT-қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасағаны үшін Исаковтан 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Мырзасейітовке 8 жыл, Ысқақовқа — 7 жыл, Жолсейітовке — 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот Мәуленнің өліміне байланысты оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Үкімді жариялау облыстық Цифрландыру басқармасы ұжымының қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tags: алаяқтық жасауЖолсейітов Төлеби ауданының Цифрландыру бөлімінің басшысыМ. МырзасейітовпараЭ. Исаков
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тараздық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалды

Тараздық құтқарушылар суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

18 құрылыс компаниясы Астана көшелерін лайлағаны үшін жазаланды

18 құрылыс компаниясы Астана көшелерін лайлағаны үшін жазаланды

1 год ago
LG компаниясы енді телефон шығармайды

LG компаниясы енді телефон шығармайды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In