• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

БАСҚАРМАЛАРДЫ КӨКТЕМДЕ ҚОСЫП, КҮЗДЕ ҚАЙТЫП БӨЛІП ЖҮРМЕЙМІЗ БЕ?

Жамбыл облысында басқармалар бір-біріне қосылып, қайта құрылып, бұл шаруаның ауы мен бауы бітпей жатқанда Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 27-мамыр күні Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өткізді.

by Jasyn
18/06/2024
in Енді не істейміз?, Топ
0
БАСҚАРМАЛАРДЫ КӨКТЕМДЕ ҚОСЫП, КҮЗДЕ ҚАЙТЫП БӨЛІП ЖҮРМЕЙМІЗ БЕ?
0
SHARES
398
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қызық болғанда осы комиссия отырысының хаттамасында былай деп жазылған. «Ғылым және жоғары білім министрлігі облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өңірлерде Тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларды қалпына келтіру бойынша жан-жақты талдау жүргізіп, нақты ұсыныс енгізсін».

Яғни, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова облыстарда Тілдерді дамыту басқармалары қайта қалпына келтірілсін, бұл туралы қорытынды ақпарат Үкімет аппаратына 30-тамызға дейін берілсін деп тапсырып отыр.

Ал бұл кезде Жамбыл облысында Тілдерді дамыту басқармасын Мәдениет басқармасына қосу процесі қызу жүріп жатқан. Енді қалай болады? Тағы да Үкіметтен хабар келіп, көктемде ғана қосылған Тілдер мен Мәдениет басқармаларын күзде қайтып екіге бөліп, әуре болып жүрмейміз бе?

Жалпы алғанда Жамбыл облысында бірнеше басқармалардың бір-біріне қосылатыны туралы ақпарат жыл басында гу ете қалғанымен, наурыз айында нақты белгілі болған еді. Жергілікті билік наурыз айында өткен облыстық мәслихаттың сессиясына осы туралы ұсыныстарын әкеліп, депутаттар қабылдаған болатын.

Облыс әкімдігінің облыстық мәслихатқа берген мәліметінде:

— Тілдерді дамыту басқармасы Мәдениет басқармасына қосылып, ендігі жерде мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы деп аталатыны,

— Жастар ісі жөніндегі басқарма Ішкі саясат басқармасына қосылып, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы деп аталатыны

— Туризм басқармасы Кәсіпкерлік басқармасына қосылып кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы деп аталатыны жазылған.

Сондай-ақ мәдениет басқармасынан архив ісі алынып, Цифрлық технологиялар басқармасына беріліп, Цифрландыру және архивтер басқармасы деп қайта құрылатыны белгілі болды.

Айтпақшы облыстық әкімдік тағы екі басқарманы бір-біріне қосуға әрекеттенген. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен Еңбек инспекциясы басқармасын бір-біріне қосу арқылы жаңадан Бақылау басқармасын құруды жоспарлаған.

Бірақ соңғы сәтте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамында Мемлекеттік Еңбек инспекциясы комитетін құрылатын болып, Еңбек инспекциясы басқармасы сол комитеттің қарамағына берілетін болды. Осылайша облыстық әкімдік бұл екі басқарманы бір-біріне қосып үлгермей, шешімдерін өзгертуге тура келді.

Дегенменде облыстық әкімдік қалған басқармаларды біріктіруге білек түріп белсеніп кірісіп кеткен сияқты еді. 24-сәуір күні өткен облыстық мәслихаттың сессиясында бұл ұсыныстарға депутаттар қолдау білдірді. Артынша қосылатын басқарма басшылары қызметкерлеріне арнайы хат жолдап, екі басқарма қосылғаннан кейін қызметі қысқаруы мүмкін екенін, қысқарған жағдайда соған пара-пар жұмыс берілетінін ескертіп жатты.

Біздің білуімізше, 5-маусымға дейін басқармалар қосылып, қызметкерлердің жұмысы нақтыланып бітуі тиіс еді. Бірақ әлі күнге басқармалардың қосылу процесі жалғасып, бітер емес.

Тағы бір ақпарат, о баста қосылатын басқармалардың басшылары жаңа басқармаға басшысының орынбасары болады деген жорамалдар болған. Облыс әкімі аппаратының жетекшісі Лесбек Ілебаев депутаттардың алдында осы туралы мәліметтер берген кезде ешқандай қызметкердің қысқармайтынын, жалақысы да сол күйінде сақталатынын айтып еді.

Енді басқармаларда бос тұрған (басқарма басшысының орынбасары қызметі) штат жоқ болғандықтан қосылатын басқармалар бір бөлім ғана болып еніп, басшылар бөлім басшысы болуға мәжбүр. Яғни, Тілдерді дамыту, Жастар ісі, Туризм басқармаларының басшылары жаңа құрылымда бөлім басшысы лауазымына ғана тағайындалуы мүмкін. Өйткені басшының орынбасары болуға дайын тұрған штат жоқ.

Осыдан кейін қосылатын басқарманың басшылары басқа қызмет іздеп жатқандары анық. Ал, бұған дейін басқарма басшысының орынбасары немесе бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүргендер екі жақ қосылғаннан кейін тіптен, жұмысынан төмендеп, жалақысы да қысқара ма деген қауіп бар.

Жалпы алғанда басқармалардың бұлай қосылуы біздің өңірде ғана жүзеге асып жатқан жоқ.

Бүгінде еліміздің 4 облысында Тілдерді дамыту басқармасы, 6 облысында Жастар ісі жөніндегі басқарма, тағы 6 облысында Туризм басқармасы өз алдына бөлек мекеме ретінде, жеке отау болып отыр екен.

Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі Лесбек Ілебаев депутаттар алдында басқармаларды осылай бір-біріне қосу әлдеқайда тиімді екенін, әйтпесе басқармалар саны тіптен көбейіп кеткенін алға тартқан болатын.

Айтпақшы 2022 жылы Түркістан облысында да Мәдениет басқармасы мен Туризм басқармасы бір-біріне қосылған болатын. Алайда бір жылдан кейін Туризм басқармасы қайтадан бөлініп, өз алдына енші алып шықты. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған киелі қалада мұндай шешім бекерден-бекер қабылданбағаны анық.

Яғни, Түркістан ғана емес бүкіл әлем туризмге баса мән беріп жатқан кезде Жамбыл облысында Туризм басқармасы Кәсіпкерлік басқармасына қосылып жатқаны да оғаштау көрінгені рас. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев осы қызметіне кірісер тұста алдағы жоспарларымен бөлісіп, туризмге ерекше көңіл бөлетінін, әулиелі өңірге туристердің көптеп келуі үшін бар мүмкіндікті пайдаланатынын айтқан болатын.

13-маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі кеңес өткені белгілі.

Жиында Президент «Экономиканың маңызды саласы саналатын туризм әзірге тиімді болмай тұр. Бұл – Үкімет пен әкімдіктердің жіберген кемшілігі. Соңғы төрт жылда экономика құрылымындағы туризмнің үлесі 3,7 пайыздан 3,2 пайызға дейін азайып кетті. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен үш есе төмен. Бұған қоса, аталған көрсеткіш бойынша біз климаты мен мәдениеті ұқсас көрші елдерге де есе жіберіп отырмыз. Туризм саласы қарқынды түрде даму үшін шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екені анық» деп еліміздің туризм саласын сынға алған болатын.

Жамбыл облысы туризмнің тіршілігін жандандыруды құрылымдық өзгерістерден бастап отыр екен. Астана көрген Қарашөкеевтің де бір білгені бар шығар, бәрі сәтті болғай!

Тек төбеден тағы да бұйрық келіп, бәрін қайтадан өзгертіп жүрмесек болғаны, әйтеуір…

     

Tags: басқармалардың қосылу процесі жалғасудаЖамбыл облысыТамара ДүйсеноваТілдер мен Мәдениет басқармалары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бір күнде балалармен бірден екі апат болды

Бір күнде балалармен бірден екі апат болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

8 месяцев ago
«Қазақстан мен Қытай елдерінің тауар айналымын арттыру мақсатында бірлескен ынтымақтастығы жалғасуда»

«Қазақстан мен Қытай елдерінің тауар айналымын арттыру мақсатында бірлескен ынтымақтастығы жалғасуда»

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In