• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді кімге сенеміз?

Басқарма басшыларына бас маман қызметі ұсынылған

Жамбыл облысында үш басқарманың басқа басқармаларға қосылу процесі ақыры аяғына жеткен сияқты.

by Jasyn
23/07/2024
in • Енді кімге сенеміз?, Топ
0
Басқарма басшыларына бас маман қызметі ұсынылған
0
SHARES
426
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, Тілдерді дамыту басқармасы Мәдениет басқармасына қосылып, ендігі жерде мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы деп аталады. Жастар ісі жөніндегі басқарма Ішкі саясат басқармасына қосылып, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы деп аталатын болса, Туризм басқармасы Кәсіпкерлік басқармасына қосылып енді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы деген жаңа мекеме дүниеге келді.

Бізге жеткен мәліметтерге қарағанда Тілдерді дамыту, Жастар ісі, Туризм басқармаларының басшылары өз өтініштері бойынша қызметтерінен кеткен. Өйткені жаңадан қосылған басқармаларда бос тұрған (басқарма басшысының орынбасары қызметі) штат жоқ болғандықтан қосылатын басқармалар бөлім ғана болып еніп, басшылар бөлім басшысы болуға мәжбүр болған.

Онда да Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мәди Мәтенге ғана жаңа басқармада бөлім басшысы болуға ұсыныс жасалыпты. Жалпы Тілдерді дамыту басқармасы Мәдениет басқармасына қосылғанда тек ономастика жөніндегі бөлімді ғана сақтап қала алған. Ал, тілдер бөлімі мәдениет басқармасында бұған дейін жұмыс істеп жатқан бөлімге келіп қосылған.

Мәди Мейірбекұлы жаңа басқармада ономастика жөніндегі бөлімнің басшысы болудан бас тартып, өз өтініші бойынша қызметінен босатылады.

Ал, Жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Жомарт Зұлпыхар мен Туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембековке бөлім басшысы боп қалудың өзі арманға айналған сияқты. Өйткені екеуіне де жаңа басқармада бас маман болуға ұсыныс жасалыпты.

Жомарт Зұлпыхар әлеуметтік желіде «ТАҚ ПЕН ТАБЫТТЫҢ ИЕСІ ЖОҚ!» деген пост жариялап бір кездері басқарма басшысы лауазымын сеніп тапсырған Нұржан Молдиярұлына (Нұржігітов) және мемлекеттік жастар саясатын дамытуда қолдап келген Мәди Мейірбекұлына (Мәтен) алғыс білдіре отырып, «Бүгін Ербол Шырақпайұлы (Қарашөкеев) ұсынған жаңа басқарманың бас маманы лауазымынан бас тартып, басқарма басшысы мансабымды аяқтадым» деп тәмамдайды.

Осылайша Жомарт Зұлпыхар мен Біржан Күзембеков жаңа басқармада бас маман болып жұмыс істеуден бас тартып, өз еріктерімен қызметтерінен босап кеткен.

Енді бұрынғы басқармада бөлім меңгерушісі болғандар жаңа басқармада бас маман, бас маман қызметін атқарғандар жай маман болып жұмыс істеуге мәжбүр болуда.

Мемлекеттік тіл, жастар салалары осылайша жаңа басқармада ең болмағанда бір бөлім болуға жарамай, босағадан сығалап, жерге қарап қалған жәйі бар. Ал туризм саласы өз алдына бөлім болғанымен басқарма атауына да енбей тіптен қай құрылымда екені де белгісіз боп қалды. Және туризм өз алдына бөлім болса да бұрынғы басқарма басшысы Біржан Күзембековке неге бас маман қызметі ғана ұсынылғаны тағы да түсініксіз.

Айтпақшы басқармалардың қосылу процесі оңайға түскен жоқ. Екі айдан астам уақытқа созылғандықтан бір-біріне қосылған алты басқармада бүкіл қаржылық операциялар уақытша тоқтап, жалақы да, демалысқа шыққандардың төлемақысы, басқа да іс-шаралардың қаржысы екі айға кешіктірілді. Оның үстіне бұл процес тура жазғы маусымға, қызметкерлердің жаппай демалысқа шығатын кезіне тап келіп, жұрт жалақысын уақтылы ала алмай, демалысқа шыққанда қолында ақшасы болмай, несиелерін уақтылы төлей алмай жүйкелерін жүндей түткені рас.

Жамбыл облысында үш басқарманы басқаларға қосу туралы идея биылғы ерте көктемнен бастап көтеріліп, 24-сәуір күні өткен облыстық мәслихаттың сессиясында мақұлданған еді.

Жамбыл облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі Лесбек Ілебаев депутаттар алдында басқармаларды осылай бір-біріне қосу әлдеқайда тиімді екенін, әйтпесе басқармалар саны тіптен көбейіп кеткенін алға тартқан болатын.

Жалпы алғанда бүгінде еліміздің 4 облысында Тілдерді дамыту басқармасы, 6 облысында Жастар ісі жөніндегі басқарма, тағы 6 облысында Туризм басқармасы өз алдына бөлек мекеме ретінде, жеке отау болып отыр.

Фото adi19.ru

Tags: «ТАҚ ПЕН ТАБЫТТЫҢ ИЕСІ ЖОҚ!»Ақпарат және қоғамдық даму басқармасыЖамбыл облысы үш басқарманың қосылу процесікәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымәдениет және тілдерді дамыту басқармасыТуризм
Jasyn

Jasyn

Next Post
Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін 28 шілде күні өткізеді

Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегін 28 шілде күні өткізеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қайрат Сатыбалды заңсыз иеленген 1,6 млрд долларды мемлекетке қайтарды

Қайрат Сатыбалды заңсыз иеленген 1,6 млрд долларды мемлекетке қайтарды

9 месяцев ago
2022 жылы елімізде 280 млн түп ағаш отырғызылады

2022 жылы елімізде 280 млн түп ағаш отырғызылады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In