• RU
Суббота, 26 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бас жүлдеге Бектасовтар отбасы ие болды

Жамбыл облысында 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2700-ден астам отбасы қатысқан. Олардың 60 пайыздан астамы – көпбалалы, ал 213-і – интернационалдық отбасылар.

by Jasyn
17/07/2025
in Қоғам
0
Бас жүлдеге Бектасовтар отбасы ие болды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл конкурсқа Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 222 өтінім түсіп, олардың ішінен 22 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды салтанатты түрде марапаттады.

– Бұл байқау – тек үлгілі отбасыларды марапаттау ғана емес, сонымен қатар бірлігі жарасқан, берекелі шаңырақтарды көпшілікке танытып, өскелең ұрпаққа өнеге етудің жарқын үлгісі. Ел Президенті бейбітшілік пен дамудың бастауы – отбасындағы тәрбие, көшедегі тазалық, қоғамдағы бірлік екенін үнемі айтып келеді. Әрбір берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Сондықтан бұл байқаудың мәні терең, маңызы зор.   Бүгін дара шыққан отбасылар – тек өз әулеттерінің ғана емес, барша облыс жұртшылығына үлгі, қазақ елінің мақтанышы, – деді өңір басшысы.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды Дауылбаевтар (Талас ауданы) және Шайхиевтер (Меркі ауданы) отбасы иеленді. Екінші орын Омаровтар (Мойынқұм ауданы) мен Абдуалиевтердің (Жуалы ауданы) шаңырағына бұйырды. Бірінші орын Әлімбетовтер отбасына (Байзақ ауданы) табысталды.

Бас жүлдені Бектасовтар әулеті жеңіп алды.

Жеңімпаздарға қаржылай сертификат табысталды. Бас жүлде  – 700 мың, І орын – 600 мың, ІІ орын – 500 мың, ІІІ орын – 400 мың.

Tags: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсыБектасовтар әулетіЖамбыл облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес»

«Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жомарт болу – өзіңде барды шын жүректен бөлісу

Жомарт болу – өзіңде барды шын жүректен бөлісу

9 месяцев ago
Қазақстанда антибиотиктерді орынсыз қабылдау мәселесін реттеу ұсынылды

Қазақстанда антибиотиктерді орынсыз қабылдау мәселесін реттеу ұсынылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In