• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

«Барлық бекетте жоқ»: Шымкентте көлік жүргізушілері автогаз іздеп шарқ ұруда

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
«Барлық бекетте жоқ»: Шымкентте көлік жүргізушілері автогаз іздеп шарқ ұруда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте көлігі тек көгілдір отынмен жүретін жүргізушілер қаланы шарлап автогаз іздеп жүр. Бірнеше күн бұрын ғана 20 теңгеге қымбаттаған автогазды кей бекеттер талонмен ғана сатуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, сұйық отын тапшылығы бір аптадан бері сезіле бастаған. Бұрын 60-70 теңгеден сатылған газ бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттаған. Бірақ соның өзін сатып алу мүмкін емес дейді олар.

«Таңертеңнен бері іздеп жүрмін, таппадым. Бес бекетте болдым. Талон сұрайды. Бағасы бірден көтеріліп кетті ғой. Не деген баға ол 85 теңге дейді, бір жерге барсаң 89 теңге деп тұр», — дейді Шымкент қаласының тұрғыны Жандос Қосақбаев.

«Барлық бекетте жоқ. Карточка дейді, бірдеңе сұрайды. Болса да қымбат, 85 теңге. Алдында 67-ден бастады ғой. Бір апта болды қымбаттағанына», — дейді тағы бір тұрғын Төребек Құсанов.

Телеарнаның мәліметінше, Шымкентте автогаз бірнеше газ құю бекетінде ғана бар. Оның өзінде сұйық отынға ақша емес, талон ұсынуың керек. Алайда, талонның өзі тапшы көрінеді. Жүргізушілер болса бұл тапшылық «сөз байласқан кәсіпкерлердің әрекеті» деп отыр.

Олардың пікірін сарапшы да қолдап отыр. Шымкенттегі жанар-жағар май қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров мұнай өңдеу зауытындағы 15-тен астам қор ұстаушы бағаны «қолдан қымбаттатуы мүмкін» екенін айтады. Қор ұстаушылар – мұнайды зауытқа әкеліп өңдетіп сататындар.

«Қор ұстаушылар, мұнай ұстаушылар өз еркімен сата бастады. Кімге сатады, қалай сатылады, қандай бағамен, кімге? Міне осыдан басталады. Әкімдік еш қадағалай алмай қалды. Реттеу, есеп, сараптама деген жоқ», — дейді ол.

Бәсекелестікті қорғау департаментіндегілер автогаз тапшылығын мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылғанымен түсіндіреді.

Шымкенттің сұйық отынға деген қажеттілігі айына 6 мың тонна болса, қазір тек 4 жарым мың тонна келіп жатыр екен.

Ал бағаның қымбаттауына батыстан тасымалданғандықтан жол шығыны әсер еткенге ұқсайды. Дегенмен ведомство бағаны қолдан өсіріп жатқандарды анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатқандарын жеткізген.

Жуық арада мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылып, баға қайта тұрақтанады деп күтілуде.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

4 года ago
Тағы бір қытайлық маркетплейс қазақстандық тамақ өнімдерін өндірушілер үшін қолжетімді болмақ

Тағы бір қытайлық маркетплейс қазақстандық тамақ өнімдерін өндірушілер үшін қолжетімді болмақ

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In