«Аграрлық несие корпорациясы 2015 жылдан бері қарқынды бақтар бойынша 48,7 млрд. теңгеге 46 жобаны қаржыландырды. Алматы облысы – 18 жоба. Оның 12 жобасы іске асырылуда. 6 жоба бойынша облыстық басқармада ақпарат жоқ. Жамбыл облысы – 14 жоба. Отырғызылған жеміс ағаштары қурап, пайдалануға жарамсыз күйде тұр. Түркістан облысы- 13 жоба. Ауыл шаруашылығы басқармасынан 3 жоба туралы ақпарат алынды. Қалған 10 жобаның орындалуы немесе мәртебесі жөнінде мәліметтері жоқ. Жетісу облысы- 1 жоба жүзеге асуда. Несилендірілген жобалардың 65 % орындалмаған, яғни жоспарланған нәтижелерге жеткізілмеген. Аграрлық несие корпорациясынан ақпарат беру жөнінде сұрау салынғанымен, мәліметтерді банктік және коммерциялық құпияға жататынын алға тартып, толық ақпарат беруден бас тартты. Миллиардтаған теңге бөлінсе де, нақты нәтиже мардымсыз. Бұл- мемлекеттік аграрлық саясаттағы жүйелі бақылау мен жауапкершіліктің әлсіздігін көрсетеді», — деді Сұлтан Дүйсембинов.
Осыған байланысты сенатор Үкіметке маусымдық кедендік баж салығын енгізу мүмкіндігін қарастыруды, өңдеу және өнім өткізу салаларында күш біріктіру арқылы фермерлік кооперацияны дамытуды, сондай-ақ көшет өндіруді субсидиялау мөлшерін 70%-ға дейін арттыра отырып, көшет шаруашылықтарының желісін кеңейтуді ұсынды. Сонымен қатар, ол өнімді сақтау мен өңдеу инфрақұрылымын нығайтуды, ауылдық жерлердегі кадр саясатын қайта қарауды, ғылыми зерттеулерді, селекцияны және брендтік сұрыптарды дамытуды қолдауға шақырды.
Фото: Naryk.kz