• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау

БАҚ өкілдері ел мен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қоюы керек

Жақында Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының кезекті оныншы көшпелі отырысы Қазығұрт ауданында өтті. Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен өткен бұл кеңесте өзекті мәселелер талқыға салынып, аудандық газеттердің жай-күйі баяндалды.

by Jasyn
04/12/2024
in • Отандық БАҚ жобалары мен салалық журналистиканы дамыту және қолдау
0
БАҚ өкілдері ел мен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қоюы керек

Female Leading Interview With Journalists Outside

0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жасыратыны жоқ, шалғай аудандарда өз қазанында қайнап жатқан журналистер қауымында бәсеке аз екені байқалады. Бұл ортақ кемшілік болғандықтан, журналистер бірлесе атқаратын ауқымды жұмысқа айналуы шарт. Заманға сай жаңа үлгіге ауысқан газеттердің, телеарналар мен ақпараттық сайттардың жұмысы жанданса, ол да ортақ жетістік болмақ, деген ойлар ортаға салынды.

Өз кезегінде Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика кафедрасының ардагер ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықов жоғары оқу орнының қабырғасында журналист мамандар дайындау жақсы жолға қойылғанын тілге тиек етті. Облыс, аудан деңгейінде жұмыс істеп жатқан БАҚ өкілдері де ел мен қоғам мүддесін бәрінен жоғары қойып, қазіргідей алмағайып заманда халыққа жан-жақты сарапталған, тексерілген шынайы ақпараттар ұсынғаны жөн деген ойын айтты.

Басқосуда тәуелсіз, жаңашыл журналист «Рейтинг» газеті бас редакторының орынбасары Асылбек Досалы әріптестерін қоғамдық пікірдің маңызды факторына айналған кезеңде ескі, таптаурын әдіс-тәсілдерден айығу қажеттігін, бос сөзділіктен аулақ болуға, әрдайым оқиғаның ортасында жүріп, елді алаңдатып, толғандыратын мәселелерді батыл көтеріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Белгілі сазгер, ғалым, ұстаз Бекжігіт Сердәлі шалғайдағы ақпарат саласы қызметкерлеріне арналған жаңа мүмкіндіктермен таныстырды.

«Журналистер қоғамның әр саласында жанкешті қызмет еткенмен, өзінің әлеуметтік жағдайын ойлай бермейді. Бүгінгі басқосудың мақсаты да осы еді. Біз қолымыздан келгенше әріптестерімізге жәрдеміміз тисе деген ойдамыз. Көшпелі отырыс барысында біз аудан, қаладағы әріптестердің тізімін жинап жатырмыз. Қарап отырсақ, шалғайдағы журналистердің осы мамандықты меңгерген арнайы дипломы болмай, біразы басқа мамандық иелері атанған екен. Айтайын дегенім, Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да жоғары білімі болса, екі жыл ішінде қашықтықтан оқыту арқылы журналистиканы кәсіби меңгеру мүмкіндігі бар. Ол дипломды алу үшін аудиторияда отыру маңызды емес. Бастысы «ZOOM» арқылы білімін жетілдірсе жеткілікті. Осындай жобаларымыз бар. Алдағы уақытта бұл да әріптестерді қуантарлық жаңалық болады деп ойлаймын», – деді Бекжігіт Сердәлі.

Сонымен, сан түрлі мәселелер көтерілген кеңесте «Қазіргі қазақ журналистикасының деңгейін оңтүстік өңір көтеру керек» деген ізгі тілектер де айтылып жатты. Әрине, «сөз бен істің арасы мың шақырым». Осы ретте қорытынды сөз алған Журналистер одағының облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Мәлік Жұмаханұлы өңірдегі ақпарат саласындағы әріптестерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«Айтылған дүниелердің бәрі тек одақ төрағасының мойнындағы міндет деп қарауға болмайды. Осынша мәселелердің оң шешімін табуына ықпал жасау үшін алдымен бірлікті жұмыс істейік. Аудандардағы маңызды жұмыстарға келгенде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» жатсақ, одақ жұмысы да, өңір журналистикасы да жанданады», – деді Мәлік Дәулетов.

Сондай-ақ, кеңес барысында қатысушылар тағы бірнеше түйткілді мәселені тарқатты. Айталық «Хабар 24» арнасының өңірдегі меншікті тілшісі Жандос Жұмабек осы жиында мынадай бір пікірді ортаға тастады.

«Біз өңір жаңалықтарын республикалық арналардан көрсететін кезде аудандарға жиі іссапарға шығамыз. Әсіресе, аудандардағы ерекше жаңалықтарды жеткізсек деген мақсат болады. Көбінде аудан әкімдері кез келген мемлекеттік қызметшіге баспасөз хатшысының міндетін атқаруды қосымша жүктеп қойып жатады. Ал ол қызметкер журналистика саласынан бейхабар болғандықтан, бізге дұрыс тақырыптар мен қызықты ақпараттарды ұсына алмай жатады. Амал жоқ, өңір жетістіктерін, өзекті тақырыптарды республикалық арналарда насихаттаудың орнына жауыр болған жаңалықтарды көрсетуге мәжбүр болып жатамыз. Баспасөз хатшылары – әкімнің қоғам алдындағы, тұрғындар алдындағы айнасы десек, әкімнің атқарған жұмыстары мен ауданның тыныс-тіршілігі бірінші баспасөз хатшыларының жұмысына байланысты. Сондықтан алдағы уақытта осындай мәселелерге мән берілсе деген ұсыныс бар»,– деді Ж.Жұмабек.

Аудан әкімінің уақыт тауып, журналистермен пікірлесуі, осы саладағы бірқатар мәселелерді бірлесе талқылап, өз құзіреттері шегінде жергілікті жерде туындаған кедергілерді шешуге дайын екенін байқатқаны көшпелі мәжілістің нәтижелі жемісі. «Тірлігімде артық-кемі болып жатса, оны бірлесіп түзетейік. Қатар жүрген әріптестерді алалаудан аулақпын. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегендей мақсатым – өзіме жүктелген міндетті әріптестеріміздің күшін біріктіріп, бірге атқару. Мен жалғыз шауып, журналистердің құқығын қорғап, бәріне бірдей пана бола алмаймын. Бұл басы ашық мәселе. Біріксек қана жақсылыққа, жетістікке, мол берекеге жол ашылады. Бұл сөзіме кешегі жұмадағы сапарымыз дәлел. Бірлесейік, кестеге сай жыл соңына дейін әрқайсымыздың қатысуымызбен аудандарда көшпелі мәжілісімізді өткізіп, желтоқсанда жиынымызды қорытындылайық. Бірімізге шығармашық демеу керек шығар, келесімізде белгілі бір мәселе бойынша мұқтаждық болуы мүмкін. Тағы бір әріптесімізге арамыздағы бір адамның жылулығы қажет шығар. Осының барлығы біз ынтымақта болсақ қана шешімін табады. Жұрт жабылып мұқтаждарға үй салып, науқас адамның дертінен айығуға себепкер болып жатыр. Соның бел ортасында біздің әріптестер де жүр жақсылықтың жаршысы болып. Алайда, өз ішімізде шешілмей жатқан түйін көп. Сіз бен біз болып өз жақындарымыздың жайын ойлап, күрделі істердің күрмеуін бірге тарқатайық! Тағы бір айта кететін мәселе оқырмандарымызға, көрермен мен тыңдармандарымызға сапалы дүние ұсынуға қатысты біршама тың ұсыныстар айтылуда. Алда тағы да күнделікті тіршілігімізде кездесетін заман талабына сай қызмет етуімізге бағытталған мәселелер көтерілуі мүмкін. Осының барлығын сараптап, жоспар ретінде бекітіп, атқаратын жұмыстарымыздың бағдары етсек деп отырмын», – дейді Мәлік Дәулетов.

Сондай-ақ ол бұған дейін Түркістанға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов жұмыс сапарымен келіп, өңір тұрғындарымен кездескенін айтып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жүргізген жиында бірқатар мәселелер көтерілген екен. Вице-министрдің қатысуымен өткен келелі жиында журналистикаға қатысты біраз мәселенің жайы қозғалды.

Рас, соңғы жылдары әрқайсысының ғасырға тарта тарихы бар аудандық, қалалық газеттердің жекеге өткені, таралым мәселесі мен әсіресе басылымдарға келгенде мемлекеттік тапсырыс талабының күшейе түскені белгілі. Мұндай жағдайда шалғайдағы газет ұжымдары қысқарып кетуі, тіпті, жабылып қалуы да ықтимал. Яғни бұған қатысты қауіп жоғары. Әрине ол үшін мемлекеттік тапсырыс беру кезінде конкурс талаптарын оңтайландыру керек. Аталмыш мәселе бойынша қазіргі күні басылым басшылары тиісті орындарға шағымдарын жеткізіп те жүрген жайы бар. Сонымен бірге, журналистердің әлеуметтік жағдайлары ұмыт қалмауы тиіс. Орын алып отырған осындай мәселелерге вице-министр Ербол Шымкентбайұлы өз тарапынан жауап беріп, қосымша жергілікті деңгейде де атқарылуға тиісті тірліктер бар екенін атап өтті. Басылымдарға бағытталған конкурс талаптарында кездесетін бірқатар тармақтарды оңтайландыру бойынша жұмыс жүріп жатқанын атап өткен вице-министр келер жылы мемлекеттік тапсырыс беру конкурсы жетілдірілген жүйе бойынша өтетінін, соның ішінде шалғайдағы басылымдардың жағдайы министрліктің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

Фото: iStock

Tags: БАҚ өкілдерідұрыс тақырыптар мен қызықты ақпараттаржурналистикаТөртінші билік
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әр басылым басшысының еңбегі ерлікке пара-пар

Әр басылым басшысының еңбегі ерлікке пара-пар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Отличный проект для подъема экономики Сарысу

Отличный проект для подъема экономики Сарысу

3 года ago
2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді

2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In