• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қайырымдылық

БАҚ өкілдері барлық істе үлгі-өнеге болуы керек

Шынында журналистер қауымы барлық істе басқаларға үлгі-өнеге болуы керек. Ақпарат саласында аянбай еңбек етіп, қаламының ұшымен талай еңбекқор да қарапайым, патриот жандарды өзгелерге үлгі қып жүрген тілшілердің өздері де сол кейіпкеріне сай болуы тиіс. Яғни, еліміздің дамуына тек ақпаратымен ғана емес, ақ адал жүрегімен де үлес қосуы тиіс.

by Jasyn
02/09/2024
in • Қайырымдылық
0
БАҚ өкілдері барлық істе үлгі-өнеге болуы керек
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында орналасқан Мемлекет қайраткері Қосман Айтмұхаметовтың ескерткішінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік облыстық мәслихат депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылардың ұйымдастыруымен өтті.

 

Атқарылған жұмыстар барысында бұталар оталып, арам шөптер шабылды. Одан бөлек, саябақтағы орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырланып, қоқыстан тазартылды.

«Көштің Мақтаарал ауданына келуінің себебі, Қосман Қайыртайұлының ерен еңбегін еске алып, оның ескерткішінің маңына тазалық шарасын өткізу болды. Біздің сапарларымыз еліміздің ынтымақ-бірлігін нығайтып, көпшілікке ой салып, жігер бермек» — деді, Дулат Әбіш.

Осылайша БАҚ өкілдері Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында орналасқан мемлекет қайраткері, марқұм Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлының ескерткіш-бюстінің айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және ҚР Конституциясы күні қарсаңында өткен іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков, облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Қанаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадір Сәрсекбаев, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұхтар Сәрсенов, аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков, ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашев және ауданның белсенді ардагерлері, кенттер мен ауыл әкімдері, жастар қатысты.

           

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Тасболатұлы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсатын түсіндіріп, аталған бағдарлама аясында тазалық шарасына қатысуға облыстың БАҚ өкілдері мен өлкетанушыларының облыс көлемінде ең бірінші болып Мақтаарал ауданына келуіне атсалысқан Дулат Әбіш мырзаға аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.

2020 жылы су тасқыны кезінде төтенше жағдай бойынша құрылған штабты басқарған облыс әкімінің орынбасары, марқұм Қосман Қайыртайұлының су басқан елді мекендерді қайта қалпына келтіруде атқарған еңбегі ерен екенін, оның жақсылығын ұмытпау үшін Мырзакент кентінде жаңадан құрылған мөлтек ауданда бір көшеге аты беріліп, саябаққа ескерткіш-бюсті орнатылғанын да Б.Төребеков атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған Дулат Әбіш экологиялық акция аясында бұған дейін Түркістандағы ежелгі Сауран қалашығында, Қызылорда облысындағы Қорқыт ата басында, Ақтөбе өңіріндегі Есет батыр кесенесінің маңында, Атырау облысындағы Сарайшық кесенесіне және Маңғыстау облысындағы Бекет ата басында зиярат жасап, тазалық жұмыстарына атсалысқандарын айтты. Көштің Мақтаарал ауданына келуіне себеп – марқұм Қосман Қайыртайұлының ерен еңбегін еске алып, оның ескерткіш-бюстінің маңына тазалық шарасын өткізу екендігін жеткізді.

«Біз қайда жүрсек те киелі жерлерімізге, тау-ормандарымызға, даламызға, бұлақ-суларымызға, ең бастысы тұрып жатқан жерімізге, қоршаған ортамызға үлкен жанашырлықпен қарап, асқан патриоттықпен оны таза ұстауымыз керек» — деді, Д.Әбіш.

Тазалық іс-шарасы барысында тал-дарақтардың бұталары оталып, арам шөптері шабылды. Саябақтағы орындықтар мен қоқыс салғыштарға бояу жағылып, қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына қатысушылар марқұм Қ. Айтмұхаметовты еске алып, оған құран бағыштады. Қайраткердің жақсы істері туралы көптеген естеліктер айтылды. Сонымен қатар, көпшілікке арналып арнайы ас берілді.

Айта кетейік, саналы ғұмырын еліміздің көркеюіне, елордамыз Астана қаласының қалыптасуына және Түркістан облысының жандануына арнаған аптал азамат, Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасқа қараған шағында Мақтаарал ауданында орын алған су тасқынының салдарымен күресіп жатқан кезде дүниеден өткен болатын.

Ал, Бәйдібек ауданында БАҚ өкілдерімен бірге «Tau fest» фестивалі өтті. Елімізде туризмді дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Туризмді насихаттауда БАҚ өкілдерінің еңбегі ерекше. Бәйдібек ауданындағы «Тау шыңы» демалыс орнында өткен «Tau fest» фестивалінің ашылуына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев және аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов қатысып, БАҚ өкілдері мен жастарға сәттілік тіледі.

– Біз бүгінгі іс-шара арқылы таза экологиялық аймақтың үрдісін сақтай отырып, аудандағы көркем жерлердің табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын қорғау және тау бөктерінде мәдени демалу тәртібін қалыптастыру мәселелерін насихаттауды мақсат тұттық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қызметке айналады», — деп ұлт болашағына қатысты тоқталып өткен болатын. Сондықтан осында отырған барша журналистерге және ұлт болашағы болып есептелетін жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Баршаларыңызға осы фестиваль аясында уақыттарыңызды тиімді өткізіп, жақсы демалуларыңызға тілектеспін! – деді аудан басшысы.

Алдымен іс-шараға келген қонақтар фестиваль аясында ұйымдастырылған фото және қорықтардың көрмесін тамашалады. Фестивальге 200-ге тарта адам қатысты. Олардың қатарында өңірдегі аудан, қалалардан келген жастар, журналистер мен блогерлер бар. Келушілер ауылдың бір күнімен таныс болып, бие сауу, таба нан жабу, күбі пісу және қол күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты ұлттық ойын түрлерінен өзара бақ сынасты. Осылайша ұлттық құндылықтардың сырына үңіліп, ұлттық спорт түрлері насихатталды.

Шара соңында қатысушы командалар марапатталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Содан соң кешкі алау маңында әуезді ән шырқап, пікір алмасты.

 

Tags: «Tau fest» фестивалі«Таза Қазақстан» бағдарламасыБАҚ өкілдері мен өлкетанушыларДулат ӘбішТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуы керек

Жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуы керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Айықпас дертке шалдыққан: Арон Атабек бостандыққа шықты

Айықпас дертке шалдыққан: Арон Атабек бостандыққа шықты

4 года ago
Зардап шеккен ШОБ субъектілеріне төлемдер беріле бастады

Зардап шеккен ШОБ субъектілеріне төлемдер беріле бастады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In