• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ана мен баланы қорғау

Баланың дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі өте зор

Отбасы деген шағын мемлекет. Сол шағын мемлекет берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы балаларды бақытты ету керек. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ер жетеді.

by Jasyn
10/08/2024
in • Ана мен баланы қорғау
0
Баланың дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі өте зор
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылы Жамбыл облысында жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, отбасылық үлгідегі  балалар үйлері мен асыраушы отбасыларындағы балаларды мемлекеттік қолдауға 67 425,2 мың теңге бөлініп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 53 баланы отбасылық және қабылдау отбасында тәрбиелеу жұмыстары атқарылған, 19 штаттық бірліктегі тәрбиешілер арттырылған еңбекақымен қамтамасыз етілді. Ал «Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру» бағдарламасына 600 275,9 мың теңге бөлініп,  өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мен жасөспірімдерге арналған үйіндегі 135 тәрбиеленушілерді ұстау шығындары қаржыландырылды.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасындағы салауатты қарым-қатынастар ғана адамның толыққанды дамуына кепілдік бере алады, ал осы саладағы  қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне кері әсерін тигізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың өсуіне әкеліп соғады.

— Зорлық-зомбылық тақырыбындағы оқу-ағарту жұмыстарын мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап барлық деңгейлердегі білім беру ұйымдарында жүргізу қажет, — дейді бұл жөнінде сенатор Мұрат ҚАДЫРБЕК. — Себебі балалар зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керектігін, қайда қоңырау шалып, кімге хабарлау керектігін білмей жататын жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін, оған төзбеушілік туралы түсіндірген жөн. Интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық туралы да ақпараттық компаниялар жүргізіп, балаларға цифрлық сауаттылық дағдыларын да үйреткен жөн.

Жақында Сенат депутаттары әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заңды мақұлдағаны белгілі. Бұл заң әйелдер мен балалардың құқықтарын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату негізінен осы міндеттерді шешуге бағытталғаны анық.

Яғни, заңмен енгізіліп отырған маңызды ережелер мен жаңашылдықтарды қоғамымызда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп, осы тақырыпта құқықтық сауаттылықты көтерудің маңызы зор.

Өйткені әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғау, оларға қарсы қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау үшін жағдай жасау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Фото: СШ №1 г. Хойники

 

 

Tags: «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің»ата-ананың рөліОтбасысенатор Мұрат ҚАДЫРБЕК
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қабілетті мемлекет болуға әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз

Қабілетті мемлекет болуға әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан Қытайда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қанша қаражат жұмсайды

Қазақстан Қытайда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қанша қаражат жұмсайды

3 года ago
«Кенже баланы артық көру дұрыс па?»: Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?»: Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In