Оқиға 1 маусым күні болған. Қолқанат Елек өзеніне батып бара жатырған баланы құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Министр батыр оқушы мен оны тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдірді.
«Адам өмірін құтқару – бұл ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бары үлкен мақтаныш.Осындай азаматтарды тәрбиелегені үшін ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс айтамын», — деді Ғани Бейсембаев.
Қолқанаттың ата-анасы да баласының ерлігін ескерусіз қалдырмаған министрге алғыс білдірді.
«Біз балаларымыздың қайырымды, қамқор, патриот болып өсуіне күш салдық. Рухы биік ұрпақ тәриелеуге тырыстық, ұлымыздың бұл әрекетін мақтан тұтамыз», — деді оқушының әкесі Ерболат Рзиев.
Педагогтердің айтуынша, Қолқанат – Ақтөбе қаласы №13 мектептің үздік оқушыларының бірі. Қазақстан тарихы мен шет тілдеріне ұызығушылығы басым. Сонымен қатар мектептің волейбол командасының құрамында.
Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында ҚР Оқу-ағарту министрі Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 11 қазақстандық оқушыны ерлігі үшін марапаттап, ата-аналарына алғыс білдірген болатын. Министрлікте бұл шара дәстүрлі түрде жалғасатын болады.