• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ана мен баланы қорғау

Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.

by Jasyn
09/08/2024
in • Ана мен баланы қорғау, Топ
0
Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде уақытында екпе салынбай қалған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға Үкімет резервінен 5 832 377 600 (бес миллиард сегіз жүз отыз екі миллион үш жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге бөлінеді.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала анықталды. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы толықтыра иммундау жүргізіледі.

Қаражат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне 747 720 доза вакцина мен 542 592 бірлік шприц сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аударылады. Ал Шығыс Қазақстан облысында балаларды қолда бар препараттар көлемі есебінен толықтыра вакциналау жоспарланып отыр.

Ал Жамбыл облысында «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау» бағдарламасы бойынша 2 432 519,6 мың теңге бөлініп, жергілікті бюджет есебінен  939 695 доза вакцина жеткізілді. Ал, «Ана мен баланы қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бағдарламасы бойынша 397 720,0 мың теңге бөлініп, 70 балаға күтім қызметі көрсетілді, бір баланы күтіп ұстауының жылдық құны 878,0 мың теңгені құрайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы 2 айда сырқаттанушылық деңгейі 32%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау аясында шамамен 1,3 млн адам екпе алды, бұл вакцина алуға жататын халықтың 91%-ын құрайды.

Сонымен қатар басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылық жағдайларының артқаны байқалады. Мәселен, 2023 жылы көкжөтел бойынша кері динамика тіркелді, бұл ретте науқастардың 91%-ы – екпе алмаған балалар. Сондай-ақ қызамық, эпидемиялық паротит және А вирусты гепатитінде де өсім тіркелді.

Халық арасында қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге иммундауды уақытылы жүргізу мәселесін және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Фото: 08info.kz

 

Tags: балалардың денсаулығын қорғаувакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуҚазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда полицейлердің баланы құтқарған ғажайып сәт бейнежетонға түсіп қалған

Таразда полицейлердің баланы құтқарған ғажайып сәт бейнежетонға түсіп қалған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2025 жылға қарай Қазақстан мектептерінде орын тапшылығы болуы мүмкін

2025 жылға қарай Қазақстан мектептерінде орын тапшылығы болуы мүмкін

4 года ago
Полицей-педагогтар:  Жамбыл облысында полиция қызметкерлері оқу орындарында 1600-ге жуық құқықтық сауаттылық бойынша сабақтар өткізді

Полицей-педагогтар: Жамбыл облысында полиция қызметкерлері оқу орындарында 1600-ге жуық құқықтық сауаттылық бойынша сабақтар өткізді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In