• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Балаларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, “бизнес” ұйымдастырған

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері “STOP-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп, адам саудасының 49 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз факт анықтады.

by Jasyn
03/06/2024
in құқық
0
Балаларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, “бизнес” ұйымдастырған
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

– Адамдар “трафигімен” байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мысалы, Астана қаласында тоғыз “элиталық” монша кешенінің аумағында жас қыздарды сексуалдық қанауға тарту және мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жүйені жолға қойған 17 адамнан тұратын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді. Негізгі фигуранттар қамауға алынды.

Шымкент қаласында осыған ұқсас ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Мұнда жалпы сомасы 1 млн теңге және 16 мың АҚШ долларынан астам қаражат, 10 автокөлік тәркіленді. Топ жетекшілері мен мүшелері қамауға алынды.

Петропавл қаласында 2023 жылдан бастап зорлық-зомбылық пен бопсалау арқылы жас қыздарды жыныстық қанауға мәжбүрлеп келген қылмыстық топ әрекет еткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оған қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бірқатар өңірде әлеуметтік осал топтардан шыққан адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактілері анықталды.

– Қарағанды қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоқан-лоққы және күш көрсетіп, оларды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, “бизнес” ұйымдастырған адамдар тобы ұсталды. Қылмыскерлер өз құрбандарының есебінен жылына 10 млн теңгеге дейін табыс тауып отырған.

Осыған ұқсас қылмыстық топтардың әрекеттері Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарының аумағында әшкереленді. Онда мүгедектер мен жас балаларды базарлар мен вокзалдар аумағында пайдаланған. Барлық қылмыскерлер құрықталды.

Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, – деді Қуандық Алпыс.

 

Tags: “STOP-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасыБалаларды қайыр сұрауға мәжбүрлеу
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ақыры бас бапкер болып Черчесов тағайындалды

Ақыры бас бапкер болып Черчесов тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ЖИЫРМА ЖЫЛДАН БЕРІ ЖАМБЫЛДЫҚТАР ҮШІН ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ АРМАН БОЛЫП ТҰР

«Artsport» бойынша 29,2 млн. теңге көлемінде заң бұзушылық анықталды

1 год ago
Президент Жақанов пен Шармановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Жақанов пен Шармановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In