Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баларға арналған арбалардың жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департамент таратқан мәліметке сәйкес, 2020 жылдың 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар мен велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген. «Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғалары болды. Атап айтар болсақ, 2020 жылдың 7 қарашасында таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта Бостандық ауданында № 2,14,28 «Қазақфильм» және №5, 33 «Алмагүл» шағынаудандарының көпқабатты үйлерінен шақырту түсті. Бірден 5 бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, 10-ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының «Көктем» шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді»,-деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінен.
Сондай-ақ қаланың төрт ауданында, атап айтқанда Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданыдағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген. Оған қоса басқа да тұрмыстық заттар өртенген.
«Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана жасалғандығы анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласының полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ торларының астында, сондай-ақ эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін үй тұрмыстық заттарды, яғни балалар арбалары, шаналар, велосипедтер мен жиһаз жинауға тыйым салынады», — делінген хабарламада. Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде бала арбаларын, велосипедтерін қоймауға шақырады.