• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл

Балаға сенімді қолдау және тиімді қорғаныс қажет

Жамбыл облысында биылғы жылдың алғашқы тоқсанында девианттық тәрбиедегі мінез құлқына байланысты 8 жасөспірім арнайы режимдегі мектепке орналастырылса, 24 тұлға ата-ана құқығынан айырылып немесе шеттетілді. Ал 116 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін 231 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

by Jasyn
09/08/2024
in • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
0
Балаға сенімді қолдау және тиімді қорғаныс қажет
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер қылмысы, заңды өкілдерсіз жүргені үшін 2066 ата-ананың жауапкершілігі қаралды. Білім бөлімдері, комиссия мүшелері, жастар орталықтары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, мобильдік топ құрылып түнгі рейд пен жедел профилактикалық шара барысында «Жасөспірім заң қауіпсіздік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» «Қауіпсіз мектеп» атты жиындар өтеді. Облыс аумағында 53 кәмелетке толмағандарға қатысты 47 үйден кету хабарламасы тіркелген. Оның 34-і қыз, 19-ы ұл бала.

Баланың әлемі нәзік әрі қорғансыз. Бала зұлымдыққа, зорлық-зомбылыққа, өтірікке қарсы тұра алмайды. Сондықтан балаға сенімді қолдау және тиімді қорғаныс қажет. Яғни, балалар өздеріне тән физиологиялық, психологиялық даму деңгейі мен өмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты ересектердің күнделікті қамқорлығын, ал мемлекет тарапынан — әлеуметтік қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қажет етеді.

Міне, жақында Сенатта қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдау осыдан кеп туындағаны анық.

Енді бұл не туралы заң?

Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қалыптасып отырған жағдай мен оның статистикалық көрсеткіштері осы саладағы құқық бұзушылықтарды криминалдандыруды, құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес келетін жаза тағайындауды және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ететін тиімді құқықтық база қалыптастыруды талап етіп отырғаны анық.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны қатаңдатуды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметін институционалдық түрде күшейтуді, бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруды және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

Міне, Сенат қабырғасында қабылданған бұл заңдар мемлекеттік отбасы саясатының құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге және әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ, «Неке және отбасы туралы» Кодексте Отбасын қолдау орталықтарының құқықтық мәртебесі және олардың атқаратын қызметтері туралы, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі «111» байланыс орталығы туралы нормалар бекітіліп отыр. «Баланың құқықтары туралы» заңда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың баланың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері бекітіліп, сондай-ақ уәкілетті органға зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке және буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет беріліп отыр.

Және неке және отбасы институтын нығайту, әлеуметтік-экономикалық қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларына) жан-жақты қолдау көрсетуді анықтау және ұйымдастыру бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін кеңейту көзделеді.

Осылайша бұл заңда әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік сипаттағы маңызды нормалар қарастырылып отыр.

Фото: Газета.Ру

Tags: Бала әлемібуллингнеке және отбасы институтытұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң
Jasyn

Jasyn

Next Post
32 жыл ішінде Қазақстанға 1 млн 128 мың этникалық қазақ оралды

32 жыл ішінде Қазақстанға 1 млн 128 мың этникалық қазақ оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастардың өз мамандығы бойынша жұмыс істеуіне жол ашады

Жастардың өз мамандығы бойынша жұмыс істеуіне жол ашады

10 месяцев ago
Айықпас дертке шалдыққан: Арон Атабек бостандыққа шықты

Айықпас дертке шалдыққан: Арон Атабек бостандыққа шықты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In