• RU
Среда, 14 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бала бақшаны тексерушілер неге көп?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне қарағанда бүгінде республика бойынша 986 мыңнан астам бала бақшаға барып жүр. Оның жартысынан астамы жекеменшік.

by Jasyn
13/02/2025
in Қоғам
0
Бала бақшаны тексерушілер неге көп?
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ал 2 жастан 6 жасқа дейін 84 мың бала кезегінде тұр. Бұл  балалардың  8,5 пайызы балабақшаға бармайды деген сөз. Басқа облыстарды айтпағанда, бас қаламыз Астананың өзінде бала-бақша жетіспейді.

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев бизнес өкілдері бюрократиялық кедергілерге тап болып жатқанын айтты. Кәсіпкерлер әсіресе Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімше қызметкерлері тарапынан профилактикалық тексерулер көбейіп, түрлі сылтаумен негізсіз айыппұл салатынына наразы. Мораторий алынып тасталғалы, тексеруші органдар балабақшаларды жағалаудан жалықпай келеді екен. Құрылтайшылар «қудалаудың» астарында не жатқанын білмесе де, бұны бизнестің дамуына қарсы дискриминация деп түсінеді.

Ал, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері жылына екі реттен жиі емес мектепке дейінгі ұйымға бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстарын  жүргізуі тиіс.

Алайда, өткен жылы мектепке дейінгі ұйымда 7 497 тексеру жүргізілген,  Нәтижесінде бойынша 6 802 (90,7 %) объектіде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 14 776 жүйелі бұзушылық тіркеліп,  4 027 жауапты тұлғаға 1 млрд. 120 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Әр кәсіпкерге жылына екі рет салынған айыппұл 1 млн. теңгеден асып, қалталары көтермей, айыппұлды несие алу арқылы төлеуге мәжбүр болған.

«Бұл мекемелер саудамен айналыспайды, басқа табыс көзі болмағандықтан,  жекеменшік балабақшалар банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Бұлай жалғаса берсе, балаларды балабақшалармен 100 пайыз қамтуымыз екіталай. Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы құзырлы органдармен бірлесіп «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдерді бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын»   санитарлық ережелер сәйкестігіне талдау жасаған. Қорытындысы бойынша  Тексеру парағындағы 76 талаптың 16-сы санитарлық талаптармен реттелмегендігі, 41-інде сыбайлас жемқорлық тәуекел факторлары анықталған» дейді депутаттық сауалында Қ. Балабиев.

Өйткені, мәселе балабақшаларда емес, ережелердің өзінде. Оларды кейде түсіну қиын және орындау мүмкін емес. Тротуарлардың қатты жабындары, еденнің, төбенің, қабырғалардың зақымдануы, жылу жүйелерінің радиаторларына арналған тосқауыл құрылғылары және жұмысқа жарамды жиһаздың болуы санитарлық нормаларға қандай қатысы бар?

Сонымен қатар, жекеменшік балабақшалардың 80 пайыздан астамы ауылдарда және жалға алынған тұрғын үйлерде орналасқан. Бекітілген ережелер ауылдық жерлердегі объективті шындыққа сәйкес келмейді және ондағы балабақшалар үшін барлық стандарттарға сәйкес келетін ғимараттар жоқ.

Кәсіпкерлер өз бизнесінің амандығын ойлап, санитарлық дәрігерлердің әрекетіне шағымданудан қорқады, ал дауласу бизнес үшін өте тиімсіз. Сондықтан, бұл мекемелер, көбінесе, нақты санитарлық қауіп-қатерлерге қатысы жоқ бұзушылықтар үшін төлеуге мәжбүр болады.

Депутат Үкіметтен осы мәселені түпкілікті шешуді сұрайды

Фото: Аргументы и факты

Tags: Бала бақша мәселесібала-бақша жетіспеушіліксанитарлық нормалар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Бөтен қошқар

Бөтен қошқар

1 год ago
Қамаудағы Бақытгүл Хаменова қызметінен әлі босатылмаған

Қамаудағы Бақытгүл Хаменова қызметінен әлі босатылмаған

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In