Сонымен бірге биылғы тамыз айында инфляция өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияның өсуіне барынша себеп болып отыр. Бағалардың ең көп өсуі Түркістанда, Нұр-Сұлтанда және Қызылордада байқалған. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер бағаны тежеу жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сауда министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тежеу жұмысын нақты үйлестірсін, — деді ол.