• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Саясат

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне жаңа басшы келді

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне жаңа басшы келді
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұжымына Директорлар кеңесінің шешімімен сайланған басқарманың жаңа төрағасы Қанат Шарлапаевты таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа Холдинг басшысы ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Премьер-Министр Холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – «Сити» құрылымдарындағы үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті.

«Бәйтеректің» алдына маңызды міндеттер қойылды. Бірінші кезекте, бұл – экономиканың шикізаттық емес секторларын, кәсіпкерлікті дамыту, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және АӨК-тегі өндірісті кеңейту. Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық дамудың аталған бағыттарына баса көңіл бөледі және Холдинг жұмысынан тиімді нәтиже күтеді», — деді Ә. Смайылов.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады. 2006-2008 жылдары «Сити» инвестбанкінің (Ұлыбритания, Чехия) өңірлік кеңсесінің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, сату басқармасында жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары — «Сити» инвестбанкінде (Лондон, Ұлыбритания) аға талдаушы, вице-президент көмекшісі, акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионның вице-президенті.

2014-2015 жылдары — «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары — «Ситибанк Қазақстанның» бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары — Ресей Ситибанкінде Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Сити» инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры қызметін атқарды.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Елімізде ең жоғарғы жалақыны кімдер алады

Елімізде ең жоғарғы жалақыны кімдер алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Нұр-Сұлтанда әйгілі тұрғын үй кешенінің маңында үйдің қасбетіндегі плиталар опырылып түсті

Нұр-Сұлтанда әйгілі тұрғын үй кешенінің маңында үйдің қасбетіндегі плиталар опырылып түсті

4 года бұрын
«Егер мен Дәулеттен пара алсам…» Бердібек Сапарбаев жемқорларға қатысты пікір білдірді

«Егер мен Дәулеттен пара алсам…» Бердібек Сапарбаев жемқорларға қатысты пікір білдірді

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In