• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Отбасы

Ажырасуға ниет білдірген отбасыларды татуластыру да үлкен сауапты іс

by Jasyn
09/08/2024
in Отбасы
0
Ажырасуға ниет білдірген отбасыларды татуластыру да  үлкен сауапты іс
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайларды анықтау мақсатында 17 ауылдық округтерде арнайы бекітілген кестеге сәйкес ауыл әйелдерімен кездесулер өткізіп тұрады.

— Мәселен, үкіметтік емес сектор өкілдерімен кездесуде қоғамдық ұйымдарды (әкелер, аналар, ақсақалдар кеңестері, қоғамдық кеңестер) зорлық-зомбылыққа, ажырасу санын азайтуға, сондай-ақ, ерте жүктілікке жол бермеу және оның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарына кеңінен тарту мәселесі талқыланды, — дейді бұл жөнінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова. — Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мәртебесін нығайту және ұлттық дәстүрлерді сақтау мақсатында «Келін келсе – ырысың» атты аудандық келіндер байқауы,  «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» спорттық жарысы секілді мәдени-спорттық шаралар және барлық ауылдық округтерде  өсіп-өнген үлгілі отбасы мен жаңадан шаңырақ көтерген жас отбасыларды ауыл әкімдерінің қабылдаулары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту шаралары аясында қыштан құмыра жасау, сурет (картина) салу секілді түрлі мәдени-психологиялық шаралар, «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» республикалық науқаны аясында аудандық әлеуметтік кеңес беру кабинеті, аудандық емхана мен білім беру бөлімінің психологтарының бірлескен семинары, аудандық Аналар кеңесімен «дөңгелек үстел» отырысы және басқа мәдени шаралар өткізіледі.

Аталған науқанды ақпараттық қолдау мақсатында аудан тұрғындарына жадынамалар таратылып, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі мен жеке сот орындаушысы «Ашық есік» күнін өткізіп, әйел азаматшаларға құқықтық кеңестер береді.

Тағы бір айта кететін жайт, Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен отбасы мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Жұмысшы топ ажырасуға ниет білдірген отбасыларды татуластыру жолдарын қарастырумен айналысады. Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы жұмысшы тобы жергілікті атқарушы орган, қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау, денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінен тұрады.

Сондай-ақ, араздасқан отбасыларын татуластыру жұмыстарына аудандық Билер кеңесі мен Аналар кеңестерінің мүшелері де белсенді түрде тартылуда. Келіп түскен ұйғарымдарды саралай келе, отбасылардың ажырасу себептері негізінен әлеуметтік мәселелердің себептерінен (жалақы көлемінің аздығы, спирттік ішімдік ішу және тағы басқа) екендігі анықталған.

Бұған қоса, отбасы институтын қолдау және нығайту шаралары аясында осы жылдың ақпан айынан бастап ауданда отбасыларға әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинеті ашылған. Бүгінде кабинетке 35 әйел азаматшалар жүгінген және «Сенім телефонына» 50 қоңырау шалған. Сондай-ақ, тұрмыстық жанжал шыққан 2 отбасы татуластырылған.

Отбасылық ұрыс-керістің шығуы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау, ажырасулардың алдын алу шаралары аясында жыл басынан бері түрлі форматтағы 7 іс-шара ұйымдастырылған.

Отбасы мәселелері бойынша жұмысшы топ қызметінің нәтижелілігін арттыру шаралары аясында барлық 17 ауылдық округтер жанынан отбасы мәселелері бойынша жұмысшы топтар құрылған. Топ құрамына ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасы, Билер кеңесінің төрағасы, аналар кеңесінің төрайымы және мектеп психологтары мен ауыл имамдары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енгізілген.

Фото: Жалағаш жаршысы

 

Tags: Отбасылық құндылықтарды дәріптеуотбасылық-демографиялық саясат
Jasyn

Jasyn

Next Post
МКК: 2024 жылдың үш айында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің  171 фактісінің жолы кесілді

МКК: 2024 жылдың үш айында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 171 фактісінің жолы кесілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Биофармға» бөлінген қаржы қайта ма, жоқ па?

«Биофармға» бөлінген қаржы қайта ма, жоқ па?

1 год ago
Рейд по пешеходам: в Таразе выясняли, почему люди рискуют жизнью

Рейд по пешеходам: в Таразе выясняли, почему люди рискуют жизнью

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In